10.06.2024
  202


Автор: Ғани Бейсен

Түрмеден келген қыз - 11 бөлім

- Көзіңнен үрей көрініп тұрғаны , мен соншама қорқынышты көрініп тұрмын ба , - деп жымиған
- " жігітім " орнынан тұра берді.
Бұл әлгі мастер қыз шығып кеткеннен кейін басталған әңгіме.
Қанша жерден сыланып сипанғанымен бәрібір жасы келген келіншек қой , менен үлкендігі көрініп тұрады. Нақтысын айтпай ақ қояйын мен отызға таясам бұл қырықтан кетті. Қайда барсаңда арамыздағы он бес жас айырманы жасыра алмайсың.
Бірақ бұлардың бір бәлесі тілдерінде болады. Түрмеден шыққан кез келген қылмыскер сені тілімен алады. Өздерінің жаргонына басып сөйлегенде кез келген адам қорыққанынан құйрыққа отырады.
Ал мынаның тілі ғана емес мысы да басым. Көңілді отырса кәдімгі әп-әдемі келіншек, ашуға мінсе қос көзінен от шашып шыға келетіні жалғызбасты айдаһар. Мұның шынайы бейнесін өткендегі пышақ тақағанда көргенмін.
Пышақ демекші сол пышақты қалай салғанын білмеймін , ертесіне қол сөмкеме қайта салып жіберіпті. Оның да өзіндік сыры бар , саусағының " ізі " қалған пышақты мұндай қылмыскерлер пәтерде қалдырмайды. Пәтер түгілі қоқыс жәшігіне тастамайды. Бұл деген сондай айлакер сұмырай, әйтпесе тапсырма алмас еді.
- Терең ойға батып қалдың ғой , өзіңнің әлдеқандай ұсынысың болса айта бер , - деп тағы сұрады.
Тас төбесінде қақшиып мен тұрмын, ол шалқалап жатыр.
- Ол менің әкем , - деп айтып салдым.
- Вот, ол кісі сенің әкең болғаны үшін көп ойландым, мына заказды да өзім алдым, - деп қолын созды.
Басым салбырап барып қасына отырдым.
- Қорықпа жаным , басқаша бір жолын табармыз, - деп иығымнан сипады.
" Қыздар бар " дегендей есікке қарадым.
- Жаным ау бүгін қандай күн екенін білесің ба, әлде ұмытып қалдың ба , - деп сұрады тіземе басын қойып.
Әрі - бері ойланып есіме түсіре алмадым. Құдай ау бүгін қандай күн өзі деймін ?
Қазанның соңы, қала тым тырыс қой !
- Кубикте отырғанда үш жыл бойы тойлап едің , мұның ұят жаным, - деп орнынан тұра берді.
Сонда ғана мен байқұс есімді жидым.
Бәсе, бұл неге ерте келіп сыланып жатыр десем ?
- Жаңа жасыңыз құтты болсын, - деп қолымды создым.
- Рақмет жаным рақмет , - деген жігітім киіне бастады.
Негізі бар ғой бұл өзі аяқ қолы оқтай түзу қыпшабел әдемі келіншек. Күлімдеп қарағанда кез - келген еркек қалпақтай ұшады. Егер тағдыры дұрыс болғанда бір үйдің түтінін түтетіп отырар еді. Мұны қойшы мен өзім де сондай келін аталар едім. Тағдырдың тәлкегіне талас бар ма , қапыда тар жолдан тайып құладым.
Сонан соң айналамда мынандай адамдар пайда болды. Енді бұл кругтен оңайлықпен шығып кете алмаймын оны да білемін.
" Гребке ақша керек , гребик сбор " деп келеді де тұрады .
Бермесіңе тағы болмайды. Бермесең салоныңа өрт қойып күлін көкке ұшырады.
Қысқасы ол жаққа барып келсең қалған өмірің солармен тығыз байланыста болады. Сөйтіп екі ортада жүрген дүбәрә боласың.
- Мына жақын маңда ресторан бар , сол жерге барып ...
- Жо - оқ жаным ресторанға болмайды , өзің білесің ғой , - дейді.
- Аа ия , ендеше өзіңіз айтыңыз , - деп қолқа салдым.
Жалынып жалбақтаған болдым!
- Жақсы пәтер болса , - деп барып тоқтады.
Мұның ертемен келіп бетін әрлегені мен үшін жасап жатқандай көрінді. Қайтсін, еркек атаулымен жанаса алмайды , оған тиым салынған. Мұндай ұсақ түйектің бәрі тапсырма алғанда талқыға түседі.
Мысалға , ресторанға бармайсың , тойға бармайсың , өзің туып өскен аймақ ауылға бармайсың , жігіттермен таныспайсың , ішпейсің , шекпейсің дегендей бәрі - бәрі келісіледі.
Сонда мұның мына қалада менен басқа ешкімі жоқ деген сөз.
- Жүз жасаңыз , - деп бір рюмка қымбат коньяктан құйып бердім.
Бұл енді қаланың қымбат районындағы қымбат пәтерде болған жағдай.
- Әумин дейінші , бірақ маған жүздің керегі жоқ , сонан соң жаным сен маған сіз деп сөйлемеші. Сіз деген сайын мен өзімді кәрі сезінемін , - деп өкпесін айтып сіміріп салды.
Құрсын бұл өзі көбірек ішсе де қорқамын.
Сонау бір жылы , Кубикте туған күнін жасаған. Сонда Қостанайдан ба әйтеуір сол жақтың бір қызын көз алдымызда итше талап тастады.
Оны істеген де тап осы отырған келіншек.
Қатыннан келіп өте кеткен қатыгез бұл.
Мұны ойлағанда төсекке қарай өзім тарта бердім. Сондағы ойым мас боп қалмаса екен деп тілегенім еді.
Әй жоқ , тоқташы қане!
Үйренген қол жағаға барады да тұрады дегені рас сияқты , себебі , шешіндіріп жатып сорлы басыма тағы да бір арамдық сап ете қалды.
Мынау жетінші қабат қой , мүмкін қатты мас қып ішкізіп , балконнан лақтырып жіберсем ше?
Сонда бәрінен құтылмаймын ба ?
Әкемді де құтқарып қаламын , өзім де тып тыныш боламын.
Менің осы шолақ ойым дұрыс сияқты.
Демек " для храбрость" мен де жүз грамм ұрттайын.
Төсекке жақын тумбаға шөлмекті әкелдім.
Сонан соң бір бір рюмкадан тағы да құйдым.
- Міне , тағы жүз грамм тартып жіберейік , - деп қолына Қазақстан шоколадын ұстаттым.
- Ішпеймін деп отыр едің , чё то передумала жаным , не ойлағаның бар , - деп көзін ашты.
Сонан соң шалқалап жатқан жігітім басын көтеріп тесіле қарады.
Айттым ғой , бұл қаншықты нағыз психолог дерсің.
Басында ішпей отырып , соңынан ішейік дегенімнен ақ басыма ой келгенін біліп қойды.
Мұндайлардан айлаңды асыра алмайсың.
Сонда да " шешінген судан тайынбас " деген өзім айтып өзім жұтып салдым.
Әрі қарай тербеліп тебіренген тең ырғақ басталды.
Бұл енді біразға дейін созылды. Сұлық түсіп қатарласып шалқалап жатырмыз
- Сонымен жаным , сен маған не айтамын деп едің бүгін соңғы күн ғой , айтпайсың ба , - деп сұрадым.
- Соны өзім де ойланып жүрмін , жоспарың болса сен айта ғой , - дейді.
- Мен айтқанда айтайын , сен оны қабылдасаң , - деп тас төбесіне қарап отырып алдым.
- Міне қызық , ал айтшы қане , - деп олда тұрып қарсы отырды.
- Айтқанда былай , менің әкем аман қалуы керек , басқасын білмеймін , - деп батылдау да қатқылдау сөйледім.
Әрине , ішімдегі рюмка спирттің қызуы бар , храбрость жетіп тұр.
- Иа жаным , әкең аман қалуы керек бірақ қалайша , білсең сол жағын айт , - деп сұрады.
Мына сөз маған онан сайын шабыт берді , себебі мына қанішердің жүрегі жұмсап , аузы қисая бастады.
- Орнына басқа біреуді ... деп сандырақтап бастадым.
- Сен оларды соншама ақымақ көресің ба , - дейді.
- Ендеше қандай жолы бар , сен айтсайшы , - деп еркелікке салып жұлқып жұлқып жібердім.
Ол маған біртүрлі бажырая қарады.
Онан біразға дейін жер шұқып отырып;
- Сен енді ішпей ақ қой осы ішкеніңмен тоқтат. Әйтпесе , фолит етіп бірдеңе бүлдіріп жүрерсің, ішімдік көтере алмайды екенсің , - дейді.
Арты қуыс қой , артынан қорқа бастады.
Қорықпай көрсін , пәтерде айқай шығып былыққа батса , анау заказчиктері мұның басын кәрі қойдың басындай ғып қағып алады. Сол үшін бұған мүлт кетуге мүлдем болмайды , соны ойлап басын бұқты.
- Менің ойым , мыналардан келісілген соманы алып жалғыз қызға қалдыру керекпін. Білесің бе , ол уже 10 жасқа келді. Ол менің бірінші звонокпен екінші звоноктың арасында туған қызым. Осы күні өгей шешеден көресіні көріп жылап жүр екен. Анау ишак қатынға қайдан қой десін , ол деген еркек емес ез ғой . Егер де сенің әкең сөзге тоқтап келісімге келсе , онда менің басқаша жоспарым бар , - деп бір ақ тоқтады.
Былай қарасам осыдан он күн бұрын бұл менің кеңірдегіме пышақ тақап тұрып та осы сөзді айтқан сияқты , қатты қорыққанымнан есімде қалмапты. Соны қайталағанда есіме түсе бастады.
- Қандай келісім әкемнің не қатысы бар , - деп онан сайын жұлқылай түстім.
- Тарт қолыңды менен , тып - тыныш отыр енді , әйтпесе ... , - деп шәңк етіп көзі шытынап кетті.
Сол жерде менің тілім тартылып салым суға батты. Дегенмен , мұның бәрі әкем үшін болып тұрған әңгіме ғой " келісім " деп не айтқысы келді екен , соны сұрадым.
- Сенің әкең мансабы билігі бар адам , істеймін десе қолынан келеді. Қысқасы банктен есепшот ашу керек , бірақ , өз атына емес өз аты түгілі анаңның да атына емес , тіпті , жақын жуық туысқанның да атынан емес. Ашу керек , ол мүлде басқа адамның атынан ашылу керек. Бірақ ол адам өте сенімді адам болуы керек , - дейді.
Сонда мұның көздегені не деп сіздер сұрасаңыздар , мен тағы да бір құпиясын ашайын.
Мұның көздегені қу ақша .
Банктен шот аштырып анау қызының атына ақша салады. Ол дегені бұл келіншекті заказды орындайды деген сөз , әйтпесе шот не керек ?
Әрі қарай тыңдап біраз отырдым , ойымнан дөп түсті.
- Әкеме шот аштыру түкке тұрмайды ғой , - деп бастапқы райымнан қайта бастадым.
- Әңгіме әкең шот ашқанда емес , әңгіме сол ақшаны шотқа салғанда , - дейді.
- Әкемнің сенімді достары көп , айтқанын екі етпей орындайды , ол жағынан қам жемеші , - деп тағы да мақтанға болдым.
- Жооқ жаным , сен бұлай қателеспе. Саясатта дос деген болмайды , жау бөрік астында деген бар , әкең олай бұлай болып жатса солардың бәрі сырт айналып тұрады.
Білесің ба , мен бұл заказды неге алдым ?
Білмесең айтайын ақша үшін алдым. Ақшасыз күнің қараң ғой , жалғыз қызыма бірдеңе қалдырғым келеді.
Кеше ғана кубиктен қайтқан Лекарьды көрдім " мерзімінен бұрын босап шықтым " дейді.
Сонда алдап сұрап сөзінен аңғарғаным
" сенің құжаттарыңды емханаға жіберді " деді. Демек , түрменің құжаты бойынша мен емханада
" туберкулёзник " боп емделіп жатырмын. Бұл дегені қайда барсаң да өлесің дегені. Бір сөзбен айтсам , алда мені " өлім " ғана күтіп тұр .
Жаным ау керек десең мына Лекарьдың мерзімінен бұрын босап шығып , осы қалада жүргенінің өзі күмән туғызады. Енді жолын тапса , мен сенің әкеңді өлтірген күні , бұл мені өлтіреді. Егер де өлтіре алмаса , түрмеге кіріп өлемін , сонда өлтіреді. Олар жәйдан жай
" туберкулёзник " деп құжат дайындап жатқан жоқ , түсінесің ба , - дейді.
Рас ау , бұл айтып отырған " Лекарь " дегенің де шатыс қатын , әйтеуір таза қазақ емес. Ол да сол түрмедегі үлкен авторитеттердің бірі болатын.
Оның сол отырысы екінші звоногы еді , нағыз рецидивист қанішердің өзі. Егер шатаспасам ол әлі тағы да бес жыл отыруы керек , қайдан ғана шыға қалды ?
Демек , менің жігітімнің соңын бағып келгені анық.
- Мен ендеше ертең ақ ақ әкеме барайын . Мән жайдың бәрін түсіндіріп айтсам , шот ашып береді , сенің оған күмәнің болмасын , мен әкеме жүз пайыз сенем ғой жаным , - деп шұбырта бергенімде;
- Әкең түгі жүз пайыз өзіңе сенбеші сен , - деп дүңк еткізді.
- Сенемін дедім бе сенемін , әкеме жүз пайыз сенемін , менің әкем бір сөзді адам сен оны білмейсің, - деп тағы да от алдым.
- Тоқтат болды , - деп шәңк етті.
Сонан соң түнгі қалаға терезеден қарап отырып сөзін жалғастырды.
- Өзіме сенемін дейсің , осыдан он күн бұрын тамағыңа пышақ тақағанымда басқаша сайрап едің ғой , енді не деп отырсың ?
Біле білсең , жан деген саған да тәтті , маған да тәтті. Сондай ақ әкеңе де тәтті. Сенің әкеңнің кім екенін мына мен сенен жақсы білемін. Бұлар екі топқа бөлініп мансапқа таласып жүрген екі клан. Әкең сол екі кланның бірінің белді мүшесі , оңай шағылатын жаңғақ емес , - деп бозарып кетті.
- Ендеше жаным , мен әкеме барып айтайын жұмысыңнан боса дейін , сонымен бәрі тыныш болса болды. Әкемнің отыз жыл істеген жұмысын , солар ақ алып істей қойсын . Болды жетер , егер осының бәрі мансаптың үстінде болып жатқан болса онда мен әкемді жұмыстан босауға үгіттеймін және де босатып аламын , - деп , терезе алдында тұрған " жігітімді " қапсыра құшақтап алдым.
- Жоқ жаным , сенің әкең жұмыстан босамайды , босатамын деп әуре болма.
Ал неге босамайды сен ол жағын түсінбейсің ау , оны мен айтайын.
Олар жоғарыда отырған ең беделді екі адамның құйыршықтары.
Білесің ғой әкеңнің отырған жері
" майшелпек " жер. Сол үшін әкең босаймын десе де босай алмайды. Өйткені , олардың бәрінің ауыздары бір қазынаны бөліп жеп жүргендер.
Саясатта " финансовая дыра " деген сөз бар , әкең босаған күні сол дыраның түбі көрінеді , ол кісіні сол үшін жібермейді , өйткені , әкең сонда отырып өлуі тиіс , сонда ғана былықтың бәрі әкеңнің мойнына қалып әлгі дыра жабылады . Көңіліңе келсе де айтайын " козлы отпущение " дегендей ғой , - дейді.
- Құрсын , - деп шошып кеттім. Әкемнің мықты тұратынын білемін , бірақ , мұншама емес еді. Опырып жеген деп кім ойлаған ? Сонда біраз дүниені жұтып қойған ба ? Егер жапыра жеген болса , ол ақшалар қайда кетті ? Әлде менің әкемнің менен басқа да балалары бар ма ?
Негізі ғой әкем сияқты қолында бардың бәрінің қолтығында бір екі тоқалдан бар ғой , оныңыз рас. Ол тіпті ешкімге жасырын емес. Жап жас өрімдей қыздар бәйбішенің көлеңкесіндей болып , кәрі шалдардың құшағына жатып жүр. Айтқандай , анау құрбым мен жігітім кім өзі ? Солардың екеуі де соңдары сұйық бәлелер екені анық.
Айта кетейін , бірде анам маған қалжыңға басып " әкең маған төркініңе кет деп қоймай отыр , соған қарағанда жас тоқал тапқан ау " деп күлгені бар. Бәлкім , анам байғұс бірдеңе сезген шығар ?
Жігітімді құшақтап тұрып ойлағаным осы болды , соңынан жібере сала:
- Енді қандай шешімге келеміз , айтшы , - деп тізерлеп отыра кеттім.
- Көреміз жаным , қандай шешім қабылдасақ та " өгіз де өлмейтін арба да сынбайтындай " болуы керек , өйткені сен менің жанымсың , жақсы көрем сені , - деп оң аяғын көтеріп иығыма салды. Мен сонда қарап қалмадым , еміріне түстім.
Әрі қарай терезенің ернегіне шалқая берді.
Онан көп өтпей жұмсақ төсекке жатып айқаса кеттік. Бұл біздің ең сүйікті поза.
Ал енді мен сол түні біраз ақпаратқа қанық болдым. Қайта қайта қабысып таң атқанша көз ілмедік.
Сондағы есім ауып отырып түсінгенім мынау болды.
" Әкеңе қазірше ештеңе айтпа " деп шегелеп тапсырды.
" Неге " деп сұрағанымда;
'' Сенің әкең осал адам емес , осы қалада азуын айға балағанның бірі ." Шот ашып бер десең " кімге , не үшін " деп міндетті түрде сұрайды. Сонда сен кімге деп айтасың әрине мені айтасың. Ал мені айтсаң , іс насырға шапты дей бер , себебі , әкеңнің жандайшаптары менің соңыма түседі. Бірақ есіңде болсын әкең мені өлтірткенмен ешқандай пайда таппайды керісінше сотталады. Ол кезде сен де кетесің. Екеуміздің түрмедегі қатынасымызды жіберіп отырғандар біледі , демек сенің айтқаныңды олар да біледі " дейді.
" Мен ешкімге ештеңе айтпаймын " деп бұртия қалдым.
" Айтасың жаным айтқанда қандай айтасың. Көзіңнің ортасынан әкеп маңдайыңа тапанша тақаса сайрап бересің , сол үшін мен бір шешім қабылдамағанша әкеңе тіс жарушы болма " деп ескертті.
Мұндайдан кейін айтқыш болсаң айтып көрші? Әрине екі елі ерніме қақпақ қойылды. Сөйтіп
" жігітімнің " ығына жығылып келісім бергеннен басқа амалым қалмады. Әлі маған анау Лекарь келмесе болғаны. Мен сорлыны ол қатын да біраз айналшықтап еді , мына жігітім бермеді.
Ойлайтын шығарсыздар , түрмеге түскен қатынның бәрі сондай ма деп ?
Әрине сондай , оны сіздерге мен айтамын!
Он жеті жылға сотталған жас келіншекке ол жерде еркек қайдан болсын ?
Тіпті жаңадан жас қыз келсе қырғын болады және де ол , жай ғана қырғын емес , бас жарылып көз шығады. Қан дегенің судай ағып барып әйтеуір біреуі иелік қылады.
" Особый " дегеніңіз осы!
Сонымен біз ойланып жүргенде күндер зулап өтіп жатты.
Бірде аузыма Құдай салды ма әлде сәйкестік па білмеймін , күн кешкіріп қалғанда жұмысымда отырсам әлгі Лекарь кіріп келді. Үстінде спортивка басында кепка. Өзі де еркекшора сұсты қаншық еді.
Сонда ғана селт етіп барып анау " жігітімнің " айтқаны есіме түсті.
Егер ол сені Салоныңа іздеп барса немесе кездейсоқ кездескен боп тани қалса , онда ол менің сыртымнан
" заказбен келді " деп есептей бер деген.
Сол есіме түскенде дірілдеп бердім.
Ал аңқау елге арамза молда дегендей , жан жағына таңдана қараған Лекарь:
- Кешіріңіз , маған сіздің түріңіз таныс сияқты , - деп жуып шайып жақындай түсті.
Кездейсоқ көріп танып қалған болады дегені осы емей немене ?
Қорыққанымды білдірмей орнымнан тұра бердім.
Ол сонда түрме тілімен " Сатимова , статья " деп айқайлап қалжыңға басты.
Әрі қарай мұның да алдына түсіп құрдай жорғалап бердім. Қайтейін , қайда қашып құтылайын ?
Қайда барсам да тауып алатыны анық қой.
Сол түні ақ " жігітіме " жаным , ол мені іздеп келді, кездейсоқ салонға кіріп танып қойған болды , бірақ көп отырмады бір кесе кофе ішіп кете барды " деп жаздым.
" Бүгін кешірек соғамын , сонда бол " деген бір ақ ауыз сөз жазды.
Қысқасы , ертесіне ақ жігітім екеуміз келісіп анау Лекарьдың соңына түстік .
Мен өлтірген үш жігіттен мықты емессің ғой сен қаншық ...

( он бірінші бөлімнің соңы , жалғасы бар )



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Серік
Серік 14.06.2024 16:26
Түрмеден келген қыз туралы Әңгімелер Жвлғасы барма қашан шығады

Пікір жазу