07.06.2024
  66


Автор: Камал Әлпейісова

Бақыт пен елес


- Сүйінші! Әйеліңіз қыз туды!


Маржандай тізілген аппақ тістерін кӛрсете, ақсия күлген ақ халатты медбике ӛзінен хабар күтіп, тықыршып тұрған Ерденнің түрі бұзылып кеткенін кӛріп, езуін жия қойды. «Салмағы 3 келі 300 грамм, бойы 55 сантиметр» деді сосын бәсең дауыспен.


- О-о, бойы саған тартқан биік болады екен!- деді Ерденнің қасында тұрған жолдасы Сәбит мәз болып.


- Қойшы-ей, - деді Ерден оған жақтырмай қарап.


- Қаны ӛте сирек топқа жатады, тӛртінші, резусы минус,- деді медбике бар ақпаратты тезірек жеткізгісі келгендей тез-тез сӛйлеп.


- Ӛйт деген, қанының тобы да сенікі ғой! - деген ойында ештеңе жоқ Сәбит Ерденді иығынан қағып қалып.


Сол сәтте булығып әзер тұрған Ерден Сәбитті итеріп жіберді де, кілт бұрылып перзентхананың қақпасына қарай адымдай жӛнелді.


- Ей, Айсұлуға бармаймыз ба? Ерден!


Бала күннен бірге ӛскен сыралғы досының әуелі батылсыздау, содан соң ышқына шыққан даусы Ерденді тоқтата алған жоқ. Артына қайырылып қарамастан, қолын бір сілтеді де, әрі қарай кете берді. Сол


 


қалпы беті ауған жаққа жүре берген ол бойын билеген ӛкініш пе, ыза ма, әлде ӛзін-ӛзі аяу ма, әйтеуір, бұрын-соңды бастан кешпеген бір сезіммен арпалысып, перзентханадан ұзап кеткенін байқаған жоқ. Адамдар мен машиналар ерсілі-қарсылы ағылған үлкен кӛшеге келіп тірелгенде барып есін жиды. «Япыр-ау, менікі не?»


Айсұлудың айы-күні толып отырғанда аяқ астынан іссапарға кететін болды. Қиыла қараған келіншегіне «бармасам болмайды, бастық кӛнбей отыр» деді ант-су ішіп. Шындығында іссапарға ӛзі сұранған. Айсұлу босанатын кезде қалада болудан... жо-жоқ, Айсұлу босанғанда ӛзі күтіп жүрген «ұл!» деген сүйіншіні емес... басқа хабарды естимін бе, сол кезде ӛзімді ұстай алмай қаламын ба деп жүрегі алабұртқан.


Ұл болса, әрине, еш уайым жоқ. Онда бұл ӛзін қалай ұстаса да, қалай тойласа да, әжесі айтатындай, «сот жоқ». Тек анасының құрсағында жатып-ақ мұның жүрегін ӛрекпітіп қойған перзентінің кім екенін білмей Ерденнің амалы құрыды. Жұрттың бәріне баласының ұл не қыз екенін оп-оңай айтып беретін УЗИ деген озық техника да бұларға келгенде дәрменсіз болып шықты: екі рет түскенде де бала бері қарамай қойыпты. «Кім де болса балаңыз әдепті, ибалы болады екен» деген дәрігер ӛзіне телміре қарап тұрған Ерденге күлімсірей сӛйлеп.


Ерден сонда ұялып қалған. «Япырм-ай, мені қыздан безер болған біреу деп ойлап қалды ма екен?» деп ойлаған былай шыға бере. Қайдан білсін, қыздарын жүрегі езіле жақсы кӛретінін... Жолдастарының арсың-гүрсің сӛйлеп, алысып-жұлысып жататын ұлдарымен салыстырып, талшыбықтай майысқан қыздарының түр-сипаты үшін де, мінез-құлқы үшін де іштей марқайған кездері аз емес-ті. Тіпті екінші қызы туғанда, «бракоделсің» деп қажаған жолдастарына: «Ей, жігіттер, ұл жасау деген қиын боп па? Шотпен шапқандай, қобалақ-собалақ етіп шығара саласыңдар, бір жері шүртиіп тұрса болғаны әйтеуір. Ал қызды хас зергердің қолынан шыққан бұйымдай, қай қырынан қарасаң да кӛз жауын алатын ӛнер туындысындай етіп шығару керек!» деп қалжыңдаған.


Бірақ, уақыт ӛте, осындай әңгімелерден кейін, сол «шүртиіп тұрған бір жері бар» баласының жоқтығы туралы ұры ой жылт ете қалатын болды. Алғашында сонша мән бермейтін, жылт еткен ой сол бойда ұмыт болатын. Қартая бастаған әкесінің «Ерденде екі қыз, Ермекте үш қыз, тегіміз осымен тұйықталатын шығар» деп күрсінгенін естіп, шешесінің «Аманбаевтардың атын шығаратын бір ұл болса...» деп кӛз жасын сығып алғанын кӛргелі бері «ұлым болса» деген ой ойламаған жерден сап ете қалып, кәдімгідей мазалайтынды шығарды. Бірақ, әлденеден қуыстанып, «Ата-анамның тілегі орындалар еді» деп ӛзін ӛзі ақтауға ұмтылатын.


 


Обалы нешік, жарының кӛңілін алабұртып жүрген арманын Айсұлу айтқызбай ұққан. Себебі, ұл туу — ӛзінің де арманы еді. Бірақ – Алла тағала бұларға, анасы айтатындай, «бір түстес» бала берсе, мұның қолынан не келеді? Ерден екеуінің отызға таяп барып қосылғаны да бұлардың табиғат берген бала сүю мерзімінің ӛз қатарларына қарағанда қиынырақ әрі қысқарақ болуына әсер еткендей. Айсұлу сонда да болса үмітін үзген емес. Емделіп жүріп, жасы қырықтан асқанда үшіншісін кӛтерді. Ерден, міне, осы сәбиінің дүниеге келуін қобалжи күтті. Кӛңілі қаламаған хабарды естіген кезде ӛзін лайықты ұстай алмай қалам ба деген қорқыныш та содан туындаған. Сосын Айсұлуға «кім туғанын ӛз құлағыммен                       естиін,        дәрігерлер                           перзентханаға                әкетерде               хабарлас, самолетпен ұшып жетем» деген де, іссапарға жүріп кеткен.


Іссапар деген аты ғана. Мандытып еш тірлік бітірген жоқ, кӛңілі алаң болып,                  қайта-қайта      қалта     телефонын     қарап     жүргенде     Айсұлу перзентханаға кетіп бара жатқанын хабарлаған. Ерденнің дегбірі қашты, ӛзі білетін барша әулие-әнбиелерге сыйынып, «бір ұл берші» деп жалбарынды. Бірақ, кӛңілінің бір түкпірінде «осынымның бәрі бекер ғой» деген ұры ой қылаң берген.


Жаратушының ӛзі сездіргені ғой...


Айтқандай, әуежайда күтіп алған Сәбит Айсұлудың перзентханаға түскенін естіп, жолай бір құшақ гүл сатып алған. Ол гүлін беріп жіберсе, Айсұлу мұның келгенін біліп, күтіп отырған шығар. «Менің жүрісім мынау...»


Ерден қол кӛтеріп, бір машинаны тоқтатты да үйінің мекенжайын айтты. Ондағы ойы қыздарын перзентханаға ертіп апару болатын. Есіктен кіре берген мұның мойнына асылған Айжан мен Әсел әкесінің құшағына таласып, «менің папам, менің папам» деп, жүрегін шаттыққа бӛледі. «Қане, дауласуды қойыңдар, екеуіңнің де папаңмын. Дұрысы үшеуіңнің де, - деді Ерден қыздарын бауырына басып. - Тез киініңдер, перзентханаға барып, бӛпемізді кӛрейік!»


Ерденнің келіншегі босанып, үшінші қызды дүниеге әкелгені туралы хабар ағайын мен жора-жолдастың құлағына сол күні-ақ жетті.


- Тағы қыз ба? десті Ерденнің ұлдан үмітті екенін білетін кейбіреулер. Бірақ Ерденді кӛрген кезде қауқылдасып, арқасынан қағып құттықтап жатты.


- О-о, Ерден әка байитын болды, — деді ауладағы шатырда кӛкӛніс сататын ӛзбек жігіт. Ӛз елінде ұзатылатын қызы кӛп әкенің мәртебелі болатынын білетін ол Ерденді кӛрген кезде қалбалақтап, қолын ала жүгірді.


 


Үш қыз тәрбиелеп ӛсірген әкенің орны жұмақта, деді кӛрші -тұратын Қажы апа.


Айсұлу перзентханадан шыққан күні енесі кӛрші-кӛлемді шақырып, шілдехана жасаған. Қажы апа Ерденнің кӛңіліндегі алабұртуды сезді ме, әлде ӛмірден кӛрген-түйгеніне сүйенді ме, «ұлды — шаңырақ иесі дейміз ғой, бірақ қыз бала қашанда ата-анаға жақынырақ» деп қойып, біраз әңгіме айтты. Жас келіншектерді біресе күлдіре, біресе күрсінте отырып, «не ексең - соны орарсың» деген ғой, қыз туды деп әйелді кінәлау жӛнсіз» деген мәселені де қозғап кетті. Әңгімесінің шілдеханадағыдан гӛрі телевизордан берілетін ақыл-кеңестердей тым салмақты болып бара жатқанын байқап, «Қыз бала әкеге жақын болады дегенді мына Айжан мен Әселден-ақ кӛріп жүрмін. Әкесі дегенде Айсұлуды сатып жібереді ғой шіркіндер» деп, онысын Ерденге қоштатып қойды.


Ерден кішкентайын Аружан деп атады.


Ару десе дегендей кӛзі қарақаттай мӛлдіреген, балапан шашы бұйраланып, аппақ жүзіне ерекше әр берген сәби күн сайын түрлі қылық шығарып, ӛсіп келе жатты. Әкесін кӛргенде жылағанын қоя қоятын болды. Есіктен кірген бойда қолына алмаса, дүние күйіп кеткендей жылайтынды шығарды. Әкесінің қасында жатса ғана ұйықтайтын әдет тапты.


Ерденнің ӛзі де Аружанды ерекше жақсы кӛрді. Үлкен екі қызын да жақсы кӛреді ғой, бірақ кішкентайы десе ішкен асын жерге қоятын. Қайда барса да қасынан қалдырмай ертіп жүретін.


Міне, бүгін де мекемелерінде ӛтетін мерекелік іс-шараны кӛрсін деп қызын ӛзімен ерте келді. Қарсы кездескен бір танысы: «Ау, мына жігіттің аты кім?» деді Ерденге қулана қарап. «Қызым ғой, аты Аружан» деді Ерден байыппен сӛйлеп. «Қой, қайдағы қыз? Ӛйтіп жасырмай-ақ кой. Сенің қыздарың ӛсіп кеткен жоқ па? Ал мынау жігіт... тура сенің ксерокӛшірмең ғой. Ма-ла-дес!» деді танысы кӛзін қысып қойып.


Шындығында бір кӛрген жан тізеден жоғары қысқа шалбар, жұқа футболка, жеңіл кроссовка киген Аружанның ұл не қыз екенін ажырата алмас еді.


- О, Ерден Мұратханович, ұлыңыз аузыңыздан түсіп қалғандай екен! -деді сол жерге келе қалған Гүлмира есімді тележурналист. Бұл келіншектің осындай іс-шаралар туралы репортаж түсіріп жүретінін Ерден білетін.


- Мен ұл емеспін, Аружанмын, - деді сәби бұртиып.


- Солай ма? Ӛкінішті. Ұл болғаныңда, вообще күшті болатын еді, -деді журналист келіншек Ерденге кӛзінің астымен қарап.


 


- Қызымның қай жері ұнамай қалды? - деді Ерден қылымсып тұрған келіншекке ашулана кӛз тастап.


Ол әлде адам жанына бататын жайлар болатынын білмейтін, әлде біле тұра, «ӛзімдікі дұрыс» деп табандап отырып алатындардың қатарынан ба екен, айтқан сӛзіне титтей де қысылмай, «ұл еместігі» деді мырс-мырс күліп.


Сӛзі жүрегіне біз сұғып алғандай әсер етті.


Содан бастап Ерден адамдардың сӛздерінен астар іздейтінді шығарды. «Балалар аман ба?» деді ауылдан келген туысқаны кездесіп қалып. «Қыздар» деуге мені аяп тұр ғой» деп ойлады Ерден іштей. «Балаларыңызды жаңажылдық шыршаға әкелесіз бе? Мен тізім жасап жатырмын» деп сұрады хатшы қыз. «Әдейі «қыздарыңызды» демей тұр ғой» деген ой жүрегін шаншып ӛтті. «Ақыр аяғы хатшы қыз да ұлы жоқ деп мені мүсіркейтін болды» деп ойлады мұңайып.


Бара-бара ұлының жоқтығы күндіз ойынан, түнде түсінен кетпейтін болды. Ішіне бір түсіп алып, кеулеп жеп жатқан жегі құрттай барлық арман-мақсаттарын кӛмескілендіріп, ӛмірде ұлды болудан басқа мұраты жоқ адам қалпына түсірді. Небір қуанышты кездерінде «неге менің ұлым жоқ?» деген ой жылт ете қалып, асып-тасқан кӛңілін сап тыятын. Тележурналист келіншектің мысқылды даусы құлағында жаңғырып, талай рет ұйқысынан шошып оянды. «Қап, сені ме!» деді жастығын мыжғылап отырып. Бірақ кіжінгенмен не істейді? Еркек болса бар ашу-ызасын қорытқан қорғасындай етіп жұдырығына құйып, ӛлімші етіп сабар ма еді. Кім біледі? Қарамағында істейтін біреу болса, жұмысына мін тағып, қудалап, күн кӛрсетпес пе еді? Бәлкім сонда кӛкірегіндегі қыжылы қайтар ма еді. Енді не істей алады?


Ішкі арпалысын баса алмай, аласұрып жүргенінде Гүлмира телефон шалды. Түк болмағандай сӛйлеп, компанияның ірі тұлғалары туралы хабарлар циклын жасап жүргенін, жоспарында бұл туралы да фильм түсірмек ойы бар екенін айтып, кездесуді ұсынды. Ерденнің қаны басына шапшыды. Дәл қазір кезінде ӛзін «ұлың жоқ» деп мүсіркеп кеткен әйелді атарға оғы жоқтай еді. Кездесуден үзілді-кесілді бас тартты.


Келесі күні Гүлмира Ерденнің кеңсесіне келді. Кейіпкерлерімен тілдесуде жинақтаған талай жылғы тәжірибесі бар емес пе, Ерденнің түйілген қабағын жазу үшін бар ӛнерін салып, әйелдік арбау-баурау амалдарын жұмсап бақты. Кӛзін тӛңкере қарап, даусын құбылтып, «компанияның ерен табысында мұның үлесі аса қомақты екендігін былайғы жұрт жақсы білетіндігін» айтқанда, адам деген пенде ғой, осыған дейін міз бақпай отырған Ерден елең ете қалды. Бірақ... тап сол


 


сәтте осы әйелдің күні кеше ғана баласының «ұл еместігі» ұнамағанын мысқылдай айтқаны құлағында жаңғырып, есіне бірдеңе түскендей бетіне тесіле қарады. Ӛткендегі сӛзінен бері осы әйелді жасытып, жігерін құм етсемдеген ойдан біразға дейін арыла алмай жүрген Ерден сол сәттің келгенін түсінді. Сол оймен түсін сәл жібітіп: «ойланайық» деді.


Гүлмира қуанып кетті. Оның ӛз есебі бар-ды.


Тұрмыста жолы болмай, алғаш бас қосқан адамынан ажырасып кеткен соң енді қайтара күйеуге шықпасқа ант еткен. «Оң-солын танып, карьера жасап барып отбасын құратын шетелдік қыздар ақымақ емес шығар» дейтін ол құрбыларына. Шетелдік ӛмір салтына еліктеп, бірер адаммен «азаматтық некеде» тұрып та кӛрді. Сонда бір байқағаны мұндай қатынастар ер азаматтар жағына қолайлы екен. Тең құқылы, бірақ ӛзара жауапкершілігі жоқ қарым-қатынастан тез жеріді. Уақыт болса алақаннан сусылдап тӛгілген құмдай ӛтіп жатты. Жасы ұлғая бастағанын бала сүйгісі келгенде түсінді.


Блокнотын ақтарып отырып, осыдан бірер жыл бұрын ӛз хабарына түсірген генетик келіншектің телефонын тауып алып, «бала туғым келеді» деді амандық-саулық сұрасқаннан кейін. «Туыңыз» деді ғалым келіншек күле сӛйлеп. «Бір мәселе бар, соны ақылдасуға келейін деп едім» деді жұмбақтап. Ғалымның «Келіңіз» дегенін ести сала құстай ұшты.


- Менің ұл туғым келеді, -       деді бұл мәселені тӛтесінен қойып. Ӛткенде сіз баланың жынысын жоспарлауға болады деп едіңіз ғой. Маған қолайлы кезеңдерді есептеп шығарып беріңізші?


- Онда... жалпы бұл сіздің жеке шаруаңыз екенін білемін, менікі тек ӛмірден түйген жайды айтып ӛту ғана... Жалғыз бастысыз, ӛзіңізге серік болатын, әрі кейін қарайласып тұратын қыз туғаныңыз жӛн емес пе?...


- Рахмет. Ұл тусам жалғыз болмайтынымды білемін...


Ол ӛзіне таңдана қараған дәрігерге жұмбақ түрмен күлімдей кӛз тастады. Гүлмираның ішкі есебі мықты еді.


Қай заманда да қазақта ұлы жоқ болуын атын жоғалтумен бара-бар санайтындардың болатынын ол жақсы білетін. Тарихта мұрагер керек деп қырық қатын алған хандардың болғаны, қыздарын жан қатарына қоспай, «балам жоқ» дейтін бектердің жер басып жүргені жұрттың бәріне белгілі емес пе? Солардың ізбасарлары бүгінгі заманда да бар екенін, тіпті кейбіреулердің мұның хабарларына да қатысып, «ұл» десе ішкен асын жерге қойып отырғанын кӛзбен кӛрген. Ішінде небір қасқасы мен жайсаңы бар. Солардың біреуінің етегінен неге ұстамасқа? Ол үшін бар болғаны... ұл туып беру керек. Сосын рахат ӛмір басталады... шіркін...


 


Тірі пендеге білдірмеген жоспарын дәрігерге айтсын ба? Жұмбақтай күлімсірегені сондықтан.


Ӛзі білетін ұлға ынтызар болып жүргендердің ішінен Гүлмираның тандауы Ерденге түсті. Ақылды, кӛрікті, бай... басқа кандидатураларға қарағанда жасырақ. Қоғамға әжептәуір танымал, ӛз саласында аты бар адам. Әрі естуі бойынша соңғы бірер жылда ұлы жоқтығын уайымдап жүр деседі. «Ендеше, тура маған лайық «контингент» екен» деп, алақанын ысқылап, фильмге түсуге келісімін алудың түрлі жолдарын ойластырып келген. Болашақ кейіпкері кӛп жалынтпағанын жақсылыққа жорып, жымиып қойды.


Фильмнің алғашқы бӛлігі бейресми жағдайда, Ерденнің таудағы саяжайында түсірілді. Бірінші күні «Былай жүріңіз, мұнда қараңыз, ӛйтпеңіз, бүйтпеңіз» деп ығырын шығарған тележурналистен құтылғанша асыққан Ерден «Қайдан келісе қойып едім?» деп ӛзін іштей мың рет сӛккен шығар. Бірақ ашуын сыртына шығаруға қашанғы әдептілігі жібермеді.         Кешке                          таман         құлаш-құлаш                         таспасын        шығарған шығармашылық топты бостан бос қайтаруды ұят санап, дастарханға шақырды.


Коньяк ішіп, кӛңілденген топ ұзағырақ отырып, қас қарайғанда жолға шықты. «Коньяктан басым айналып тұр, сәл жата тұрайыншы» деп диванға қисайған Гүлмираны оята алмаған әріптестері бір-біріне жымың-жымың етіп қарап, қалаға ӛздері кетті...


Ерден үйіне ертеңіне ғана, түн ортасы ауғанда оралды.


Фильм теледидардан кӛрсетілгенде Ерденнен бұрын Айсұлу мен қыздары қатты қуанды. Күйеуінің «қажеті қанша» дегеніне қарамай, аста-тӛк дастархан жайып, шығармашылық топты үйлеріне шақырды. Тележурналист келіншектің тым еркіндігін кәсіптік ерекшелігіне балады. Ерденнің ӛзін сәл қолайсыздау ұстағанына, қонақтардың әлденеге жымыңдасып, бірін-бірі түрткілеп отырғанына тіпті мән берген жоқ.


Қыстың алғашқы айында Гүлмира Ерденге телефон соғып ӛзінің жүкті екенін хабарлады.


«Ол ӛз шаруаң, - деді Ерден, мен семьямды тастап, саған үйленем деп уәде берген емеспін».


«Үйленбей-ақ қой, ұлың әкесіз ӛседі». Ерденнің бүйрегі бүлк ете қалды.


«Кӛріпкелдігің де бар ма еді? Ұл екенін қайдан біле қойдың?» «Есесіне сен ғалым емессің бе? Жиырма бірінші ғасырда баланың


жынысын алғашқы апталарда-ақ білуге болатынын естімеп пе едің?» Ерденнің тілі күрмеліп ештеңе дей алмады.


 


Жаманат     жерде     жатпайтынын     тағы     да     дәлелдеп,     жарының опасыздығы туралы ӛсек Айсұлуға да жетті. Әңгімені бастауға дәті бармай жүрген Ерден Айсұлудың ашулы сӛздерін үнсіз тыңдап отыра берді. «Кінәлімін. Бірақ... оны сенен артық кӛргенімнен барған жоқпын...» деді бар болғаны.


- Ӛзің не айтып тұрғаныңды түсінесің бе? Ау, ондайға ынтық болып бармағанда қайтіп барады? Жек кӛріп тұрып, бір тӛсекке жаттым дегеніңді барып ақымақтарға айт!


- Сенсең сен, сенбесең қой. Шыным сол. Әуелгіде «ұлың жоқ» дегені үшін оны тӛмендеткім келді... Ал қорлықтың ең үлкені – еркектің ӛз ойын орындаған соң әйелді тастап кетуі. Мен де оны соңымнан жүгіртейін, кіріптар етіп, жалындырайын дегенмін. Бірақ ол менен асып түсті. Ұл туды…


Соңғы сӛзін терең күрсініп айтты.


Айсұлу бәрін де түсінді. Иә, бұл ұл туып бере алған жоқ. Сол үшін Ерденнің қорланып, ӛзін бақытсыз сезініп жүргенін де сезеді. Бірақ бақыт баланың ұл не қыз болуында ма екен? Осынша құрбандыққа апарған ұлдың ұшпаққа жеткізеріне кім кепіл? «Қыздарын айналтып-үйірілтіп, ет-жүрегін елжіреткен әкелік сезімін бір-ақ сәтте ұмыттырған ұл... жарық дүниеге келер жолыңа тап ӛзіндей үш перзенттің кӛз жасы тӛгілгенін сезесің бе? Дүниеге келісімен бір отбасының шырқын бұзған ұл, ӛмірде қандай болар екенсің?..»


Шым-шытырық ойға шырмалған Айсұлу Ерденге біреулерді жылату арқылы бақытты болу мүмкін еместігін айтқысы келген, бірақ дәл қазір оның ұлды болғанынан басқа ештеңені ойлай алмайтын күйде екенін түсініп, әңгімені созудың қажеті жоқ деп шешті.


- Ұлды армандағаныңды білемін. Бірақ сенің арманыңның – арман емес, ӛмірдің бар мәнін перзентіңнің жынысымен есептейтін ауруға айналғаны ӛкінішті... Сондықтан... жолыңа кесе кӛлденең тұрып қайтем?.. Бар... жолың ашық... Бірақ, «ойнастан туған ұл оңбас» деген сӛздің бекер айтылмағанын ұмытпа


Қашанда ӛз пікірін білдіру үшін оны ішкі безбеніне салып, таразылап алып барып сӛйлейтін Айсұлудың соңғы сӛздері денесін тітіреткен Ерден есікке беттей беріп, қалт тоқтай қалды. Қарсы уәж айтқысы келген аузына дәлелді сӛз түспеді. Содан соң «ой, қазақ не демейді...» деген оймен ӛзін алдандырып, кетуге бет алды.


Жанары      жасқа     толған     Айсұлу     иығын     сәл     қушитыңқырап бӛлмелерінен шыға берген Ерденді кӛзбен ұзатып, екеуара небір тәтті сәттері ӛткен тӛсектерінде тапжылмай отыра берді.


 


Сыртқа беттеген Ерденнің аяғына Аружан келіп оратылды. - Папа, қайда бара жатырсың? Мен де барам!


Ерденнің жүрегі шым ете қалды. Есіктің жақтауына сүйеніп тұрған Әселді бетінен сүймекші болған. Ол ӛкси теріс айналып кеткенде, Ай-жан әкесінің қасынан сырғи ӛтіп, анасының бӛлмесіне кірді:


- Мама! Папаны жібермеңізші! Сіз оны сүйемін деуші едіңіз ғой!


- Сүйемін. Сүю деген - сүйген адамыңның бақытты болуын тілеу, -қызым. Ал әкеңнің бақытты болуы үшін ұл керек болды.


- Ал біз ше? Бізді тастап кете бере ме? Ештеңе істеуге болмай ма?


- Ештеңе істеудің қажеті жоқ, қызым. Менімен ғана болсын деп түрлі амал қолдану - сүйген жанның емес, есебі мықты аярлардың тірлігі.


Айжанның амалы құрыды.


«Кӛрерміз, - деді ӛксіп отырып, кӛрерміз әлі...».


 


 


 


***


 


 


Арада бірталай жылдар ӛтті. Алмакезек ауысқан жыл мезгілдерімен бірге Айсұлудың отбасында кӛктемдей шуақты, қыстай қатты, жаз бен күздей мәуелі оқиғалар болып, кезінде ұяларының шырқын бұзған жай да бірте-бірте ұмытылған сияқты. Жыл сайын жаңа қызығымен, кездейсоқ сынымен келген ӛмір ағыны шын-ақ ұмыттырды ма, әлде ұмытқан сыңай танытты ма, әйтеуір Айсұлу мен қыздары ол оқиғаны еске алмайтын. Тек...


Анасы «Адам қолдан келгенше жақсылық жасауға ұмтылу керек» деген кезде Әселдің: «Қалай ойлайсыз, істеген жамандығының ӛзіне қайтып оралғанын біреулер біледі ме екен?» деп сұраулы жүзбен қарағаны болмаса.


Айсұлудың «Асып-таспасақ та, кӛштен қалып жатқан жоқпыз, шүкір», - дегеніне Аружанның небір күні: «Асып-тасқандар туралы да естіп жүрміз» деп қалғаны болмаса...


Айсұлу қыздарының нені меңзеп айтқандарын, әрине, түсінбейді емес. Бірақ әңгімені ӛрбітпеуші еді. Тіпті «Қой, балам, әкең байғұс жетісіп жүр дейсің бе?» деп тоқтау салатын кездері кӛп. Себебі ұл тапқан әйелімен кӛңіл жарастыра алмаған Ерденнің ішкілікке салынып, үйінің берекесін кетіргенін, тіпті оған қол жұмсап, істі бола жаздағанын, Гүлмираның қайын атасына барып, «балаңыздан құтқарыңыз» деп жалынғанын... бұлар да естіген-ді. Ал таяуда, ұлы кәмелетке толғанда Ерденнің су жаңа шетелдік машина сыйлағанын, баласының оны апта ӛтпей жатып


 


қиратып, ӛзі әупірімдеп тірі қалғанынан да хабардар болатын. Сондықтан да бір кездері сүйіп қосылған жарының адасып, жора-жолдастарының арасында жарқ-жұрқ етіп жүретін есіл азаматтың сонша құлдырап кеткенін ойлап... аяйтын Айсұлу. Анасының қас-қабағын баққан қыздары да сосын бұл тақырыпты қаузай бермей, оның сезімін құрметтеп, аялап тірлік етіп жатты.


Осылайша, бір-бірінің жанын түсініп, ӛзара елбесе, жайма-шуақ күн кешкен отбасы жаңа жыл қарсаңындағы тымық кеште аяқ астынан дүрлікті. Беймезгіл уақытта телефон шалған Айжан Ерденнің ұлы мас болып, «топтасып қыз зорлады» деген айыппен қамауға түскенін хабарлады. Бұларды шошытқан хабардың екінші бӛлігі еді: ұлымен жолығуға                      жанұшырып     келе     жатқан     Ерденнің     ӛзі     машинасымен аударылып, ауыр халде Айжан жұмыс істейтін ауруханаға жеткізіліпті.


«Жедел жәрдем» келгенше далада жатып қалып, кӛп жоғалтыпты, қан деді даусы дірілдеп. Қан табылмай жатыр, сирек топқа жатады ғой — тӛртінші,                      минус     резус-фактор...      Анализдері     дайын     болған     соң нейрохирургия бӛлімінің меңгерушісі Хамитбек ағай екеуміз операция жасайтын болдық...


Айсұлудың құлағы шыңылдап кетті.


Ерден таң ата наркоздан оянғанда қасында Сәбит отыр еді. Қиналғанда да, қуанғанда да жанынан табылатын адал дос Ерден ауруханаға түскелі бері кӛкте Аллаға жалбарынып, жерде дәрігерлерге жалынып күні-түні осында жүрген. Тӛсегінің қасында ақ халат киіп мүлгіп отырған Сәбитті кӛргенде Ерденнің есі кіріп, кӛз алдынан бүкіл оқиға зырылдап ӛте бастады... жол... сапырылысқан адамдар мен машиналар... қарсы келген машинамен гүрс етіп соғысқаны... Қайда асығып еді? А-а-а... ұлы ұсталды... деп хабарлап еді ғой... Ерден ыңыранды.


Сәбит селт етіп, мұның бетіне үңілді. Ерденнің кӛзін ашқанын кӛріп жүрегі жарылардай қуанған ол досының ерні жыбырлап жатқанын байқап, құлағын тосты.


- Ұл... - деді тілі икемге әзер келген Ерден сыбырлай сӛйлеп.


Әлгінде ғана, досы тіршілік белгісін бергенде бойын билеген қуанышы су сепкендей басылып Сәбит: «Ұлың бар болсын, - деді кейіген үнмен, - ӛзің ӛліп қала жаздадың ғой...»


- Іле артықтау кеткенін сезіп: «Тергеу изоляторында отыр. Адвокат іздеп жатырмыз» деді қысқа-қысқа сӛйлеп.


Ерден тағы ыңыранды.


 


Сәбит оның ұлын ойлап, қиналып жатқанын түсінді. Бірақ, ӛз жүрегінде оның ұлына деген титтей де аяушылық сезімі жоқ еді, керісінше, досының басын жыл сайын бір шырғалаңға салатын ұлды қолына түссе түтіп жердей зығырданы қайнап, бірақ онысын Ерденге айта алмай, булығып, тістеніп, іштен тынды. «Тексіз неме, деді іштей, -«жатырына тартқан» деп осындайда айтады екен ғой...»


Ӛткен жолы кӛлік апатына қатысты іс қозғалып, Ерден екеуі ішкі істер басқармасының табалдырығын тоздырып жүргендерінде бүгінде әжептәуір                         қызмет        атқаратын        Ермек       бұлқан-талқан        болып: «Аманбаевтардың аты шықпай қалады деп едіңдер, шықты, әне. Ертең-ақ бүкіл газет шулайды «Бизнесмен Аманбаевтың ұлы істі болды» деп. Жеттіңдер армандарыңа!»,- деп әке-шешесіне дүрсе қоя бергеніне куә болған Сәбит. Бүгін ӛзі де сондағы Ермектің күйін кешіп отырғандай.


Кӛзінің астымен Ерденге қарап қойды. Наркоздың күші қайтып, сынған сүйектер сырқырап, жарақаттары жанына батып жатса керек, ол ыңқылдай дем алып, үнсіз жатыр. «Байғұс досым, деді Сәбит - іштей, -«ұл, ұл» деп әп-әдемі отбасыңды тастап кетіп ең... Не кӛрсетті сол ұл?.. Қасықтап жиған абыройыңды шелектеп тӛкті. Қасыңда дос қалмады. Туыс та теріс айналып кетті. Енді, міне, жатырсың... ӛлі мен тірінің арасында да бетімен кеткен ұлды уайымдап...»


Біршама уақыттан кейін Ерден ыңқылдауын азайтып, дем алысы қалпына                    келе     бастады.     Кірпігінің     дір-дір     етіп,     ара-тұра     ернін жымқырғаны, демі дірілдей күрсінгені оның кӛзі жұмулы болса да, ояу жатқанынан, болған жайды ойша сараптап, тығырықтан шығар жолды іздестіріп жатқанынан хабар бергендей.


- Сәбит, - деді бір кезде ап-анық сӛйлеп, сен мұнда отырмасайшы. Ана баланы... шығару керек... Ермек қайда?


Әуелі ӛзің қалпына кел. Сосын ойласамыз ғой, - деді Сәбит онша ыңғай бермей.


Ерден досына таңырқай қарады. «Ойласатын несі бар?» дейтіндей. Сәбит қитығып үндемеді.


Жоғары      жақта      істейтін      інісі      Ермектің      «мені      бұл     іске қатыстырмаңдар» дегенін Ерден қайдан білсін? Шынына келсе, Сәбиттің де абыройсыз іске араласқысы жоқ, тек досының басы аман қалғанын тілеп жүгіріп жүрген жайы бар-ды. Оның үстіне, соңғы күндердің оқиғасы кӛптің кӛзін ашып, кімнің кім екенін, ӛмірдегі шынайы құндылықтың не екенін танытқандай. Соның бәрін Ерденге айтайын десе ӛлім аузынан қалған досын аяйды. Үндемегені сондықтан.


 


- Сәбит,- деді тағы да Ерден. Сен ана жаққа бар. Не істесе де, ол -менің балам. Құтқаруымыз керек...


Сәбитті ашу қысты. Ерденнің жағдайын ойлап, ӛзін қанша ұстайын десе де булыққан сезімі ырық бермей, бар ойын лақ еткізіп ақтара салды:


- Бала емес ол, бәле! Не бетімізбен құтқарамыз? «Ұл, ұл» деп тӛбеңе кӛтергенде не жақсылығын кӛрсетті, айтшы?


Ерден жаңа ғана жайбарақат отырған адамның бұрқ ете қалғанын түсінбей аң-таң. Сәбит болса орындығын жылжытып тақап келіп, демі дірілдей ауыр тыныстап отырды да досының бетіне тӛніп: «Саған опе-рацияны кім жасағанын білесің бе?» деп сұрады. Ерден «кім?» дегендей сұраулы кейіппен қасын керді.


- Айжан! Алты сағат бойы!


Соны айтқанда жан-дүниесін астан-кестен еткен алапат сезімін ірке алмай, Сәбиттің кӛзінен жас ыршып кетті. Сосын қазір айтпаса мүлде айта алмай қалатындай асығып-аптығып, сӛйлей бастады:


Қан кӛп кетіп қалыпты. Қаладағы қан орталығынан алынған қан жетпейді дегесін теледидардан хабарландыру бердік, жан адам шықпады, сенің қаның сирек топқа жатады ғой... Үмітіміз үзілердей болғанда бір студент қыз ӛзі іздеп келді деп естідік, бірден операция жасау бӛлмесіне апарып, тікелей қан құйыпты. Жаның соның арқасында қалды. Кейіннен рахмет айтайық деп іздестірсек, білесің бе кім боп шыққанын? Аружан! -деді еңкілдей жылап.


Ерденнің ӛңі құп-қу боп кетті. Мұндай хабарды күтпегені соншалық, не айтудың ретін таппай, бірдеңе дейін десе, кезінде осы қыздарын жылатып тастап кеткені кӛз алдына елестеп, тынысы тарылып, қатты да қалды.


- Саған айтарым мынау, - деді сәлден соң лықсыған сезіміне тоқтау салып, сабырлы қалпына түскен Сәбит сӛзін жалғастырып, жаның - олжа. Жол ортасына келгенде қайдағы бір елеске елтіп, бақытыңды басқа тептін...


Сӛзін қалта телефонының шырылдағаны бұзды Айсұлу екен. - Оянды ма? - деді ол үрей аралас үнмен.


- Оянды...


- Уһ! Айсұлу үнсіз қалды. Сәбит оның жылап тұрғанын сезді, ӛзінің де кӛңілі босап, ештеңе дей алмады.


Сол кезде бағанадан бері тӛбеге қарап мелшиіп жатқан Ерден тіл қатты:


- Айсұлу ма?


- Иә, Айсұлу...


 


- Телефоныңды... маған берші... Сәбит досына таңырқай қарап, әуелі телефонның арғы жағындағы Айсұлуға тіл қатты: «Ерден сұрап жатыр... Сӛйлесесің бе?»


Айсұлу үндемеді. Не ойлап, қандай күй кешкені оның ӛзіне ғана аян. Ал жауап күтіп тосқан уақыт Сәбитке таусылмастай ұзақ болып кӛрінді.


Біраз үнсіздіктен кейін Айсұлу күмілжи тіл қатты:


- Жо-ға... Сәлем айтасың ғой... Қайда жүрсе де... аман болсын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу