Эсселер ✍️

  29.03.2024
  24


Автор: Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні

Күзетшілер еңбегі зор, орасан

Түрлі мекемелерді кұзетіп, қарап отыратын күзетші ұйымдарының қызметкерлері өз істерін жетік меңгерген маман иелелері. Олар өз істерін аса жауапкершілікпен орындайтын жандар десек қате айтқанымыз болмас. Олар белгілі бір мекемелерді атап айтар болсақ аурухана, сауда орталықтары мен мектеп балабақша сияқты түрлі нысандарды күзетке алады. Күзетшілер тіпті адамдарды да күзете береді. Ел билігінде отырғандардың, елге келген қонақтардың қастарынан табыла білетін бұл маман иелелерінің жасап жатқан қызметтері зор, орасан дей аламыз. Олардың жұмыстары мейрамдарда, қарбалас сәттерде қыза түседі. Ел тыныш болса Күзетшілердің де жұмыстары тыныш болады. Ал ел басынан күн туса Күзетшілердің де жұмыстары қиындай түсері анық. Сондықтан ел-жұртымыз тыныш болсын деп тілейміз! Ал мереке күндері аяқтарынан тік тұрып қызмет ететін Күзетшілерге ризалық ниетпен шын жүректен алғыс білдіреміз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу