27.03.2024
  55


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Солдат хаты

Әке-шешем түзде ылғи
,
Жұрттың малын бағады
.
Ал ауылда бiздiң үй,
Мұнда әжем қалады.
Кiр-қоңымды тазалап,
Әжем маған қарайды.
Оқу оқып,
Азамат
Болуымды талайды.
Бұрын, сиыр сауғанда
,
Әжем талай бәйге алған.
Облысқа, ауданға,
Депутат боп сайланған.
Содан сыйлы өлкеге,
Әжемнiң жоқ арманы.
Арманы тек –
Ертеде
Хат танымай қалғаны.
Әттең, жолы болмапты
,
Әжем талай өкiндi.
Сондықтан ба,
Ол қатты
Қадiрлейдi оқуды.
Жақсы оқитын баланы
Жақсы көрiп қалады
.
– Жақсы едi, – деп, – сабағы, –
Ағаны еске алады.
Шалғайда аға
Атқарып
Жүр әскери мiндетiн.
Әжеме ол мақтанып,
Хат жазады күнбе-күн
.
Әжемнiң бұл түлегi
Iсiн жақсы бiледi.
Командирдiң үнемi
Алғысын ап жүредi.
Озаттардың белгiсiн
Тағынғанын айтады...
 Туыстарды,
Ел iшiн
Сағынғанын айтады.
Әжем көңiлi жоғары,
Ағамнан хат келгенде
.
Мұндай күндi
Болады
Кiшiгiрiм той деуге
.
Кейде хаты ағамның
Келмей жатса кешiгiп
,
Әжем жауып қабағын,
Сөйлемейдi шешiлiп.
– Әнеугүнi хатында
Аман-саумын деп едi.
Әлде ауырып жатыр ма? –
Деп, күрсiне бередi.
Өстiп ұзақ жабығып,
Жүрсе әжем алаң боп,
Ауылды мен сағынып,
Хат жазамын ағам боп
.
Жеткенiнше ақылым,
Асыл сөздi табамын.
Содан кейiн ақырын
Жәшiкке әкеп саламын
.
Әжем оны жәшiктен
Алғанша өз қолымен,
Жоламаймын қашып мен
,
Алғаннан соң көрiнем
.
Аламыз бiз үнемi
Хатын бiр-ақ адамның
.
Сосын әжем бiледi
«Хаты екенiн ағамның».
Көңiл бөлiп көрмейдi
Бар ма, жоқ па мөрi оның.
– Марат, жылдам кел
! – дейдi,
Бiлмегенсiп келемiн.
– Оқышы не дегенiн,
Хат келiптi күнiмнен
.
Әзiр менiң «көмегiм»,
Хатты ашып үңiлем.
Әрбiр «сөзiн ағаның»
Тыңдайды әжем күлiмдеп.
Сүрткiлейдi жанарын,
– Құлыншағым, күнiм
! – деп.
Сыр тарта мен қараймын,
Ол кеп сүйiп алады.
Содан кейiн талай күн
Шытылмайды қабағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу