26.03.2024
  34


Автор: Сұлтан Қалиұлы

Қанаттың есебi
Қанат келiп Сағаттан
Сұрап едi үш асық,
– Ұтып ем, – деп, – Талаптан, –
Әзер бердi ол iшi ашып.
Үш асығы Сағаттың
Құт әкелдi Қанатқа.
Алты асығын Манаптың
Ұтып алды заматта.
– Тағы ойнаймын
! – деп Манап,
Шақырған-ды ашуын,
– Жартысын ал, – деп Қанат,
Ұсынды бар асығын.
Манап оған сәл қарап,
Қолды салды дұрыстап.
Тұрып қалды ал Қанат,
Төрт асығын уыстап.
«Неткен озбыр неме едi,
Алып қойған нешеуiн?!»
Кiм шығарып бередi
Қанаттың бұл есебiн?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу