Өлеңдер ✍️

  25.03.2024
  266


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Жарқын бейнең

Қараңғының арасынан жарық берген.


Қандай ғажап мына сенің жарқын бейнең,


Бұл ғаламда сен мені менсінбесең,


Жолымыз сонда да бөлінбеген.


 


Тұмар болған өмірге жолым ашып,


Сендей сұлу адамға жүрмін ғашық.


Барлығы тамсаныпта қарай берген.


Қандай ғажап Құдай берген жарқын бейнең


 


Аппақ болған сүйіктім мұңы терең.


Қолым тисе сынатындай нәзік денең.


Жел тұрғанда ұшып кетпей қыпша белің,


Қай әлемде жаратылған бейнең сенің?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу