04.12.2023
  141


Зайырлы қоғамдағы әйел теңдігінің маңызы

ХХІ ғасырда әйелдер мен ерлер үшін құқықпен еркіндікті сипаттайтын гендерлік саясат жүргізілуде. Соның арқасында қазір мемлекеттік органдарда, экономикалық салаларда, бизнисте нәзік жанды адамдар ер адамдармен қатар еңбек етуде. Бұл - сол саясаттың жемісі. Сұлулар іскерлігімен, қабілетімен, дарынымен еліміздің кемел келешегі үшін үлкен тиянақты жұмыстар атқарып келуде. Оны елеусіз қалдыруға болмайды.


 


Қазақ даласында Егемендік үшін арыстандай алысқан әйелдер аз болмаған. Күлл тарихта өшпес із қалдырған, ерлігімен қатар, даналығы аңыз болып қалған, бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақ тайпасының батыр қыздары - Томирис және Зарина кітап беттерінде қалды. Мысплы, Жоңғар шапқыншылығы тұсында Абылайхан Дарабозым деп еркелетіп, сыйлаған қазақтың бас сардары, ұлы қолбасшысы Қабанбай батырдың жары Гауһардың ерлігін, тапқырлығын еске алғанымыз жетеді. Қабанбай мен Гауһар сұлудан туған Назым қыздың небәрі 16  жасында Түркістан түбінде от шашқан Жоңғар зеңбірегіне батпай, ұйлығысып қалған қазақ қолын бастап, кәмшат бөрік киіп, найза орнына қолындағы қамшысын бұлғап «Абылайлап» жауға шауып, жоңғарларды қуған ерлігі есімізде. Тағы да Кенесарының қарындасы Бопайдың батырлармен бірге өз елінің азаттығы үшін толарсақтан саз кешіп, жасанған жаумен айқасуы не болмаса,  қазақ тарихында шоқтай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғанымның  елді қанда көрегенділікпен басқарғаны есіңізде ме? Сонай Кеңес заманындағы Екінші дүниежүзілік соғыста шығыстың қос шынары болған Мәншүк пен Әлияның да ерлігі әлі есте. Осылайша, қазақ даласында ерлермен иық тіресе еңбек етіп, соғыстың қанды даласында жауға қарсы тұрған батыр әпкелерімізді көргенде, сол дәуірдің өзінде ер мен әйелдің тең құқылы дәрежесі жөнінде жазылмаған дала заңы болғанын аңғаруға болады.


 


Қазақстан егемендік алғаннан кейін нәзік жандылар мәселесін заманауи талабтарға орай жаңа қырлардан көтере бастады. Сол кезде, саяси, қоғамдық және экономикалық жағдайлардың ерекшеліктері ескеріле отырып, 1998 ж. ҚР Президентінің жанынан кеңес беру органы – Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия құрған еді. Отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатын алға қойған еді.


 


Сонымен қатар, гендерлік саясат «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңдарымен реттелетіні анық. Ол азаматтардың отбасылық – тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде заңдық құқықтарын қорғауға негізделген және бағытталған. Жалпы алғанда бұл гендерлік саясат әйелдерге тең қол жетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі қажет екені анық. Сол бойынша 2016 ж 6 желтоқсанда №384 бұйрықпен Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы арнайы бекітті. Ол жерде мемлекеттік сол саясаттың мақсатына  – ерлер мен әйелдердің жалпы қоғамдвқ салалардың ішінде тепе-теңдік құқықтарға, жеңілдіктерге, міндеттер мен мүмкіндіктерге қолжеткізуі, гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеру деп алған еді. Оның нәтижесі ретінде, әйелдер  қазанның және ошақтың басында ғана емес емес, денсаулық сақтау, ағартушылық, мемлекеттік қызметтің, сондай-ақ, өзіндік бизнестің де басын  ұстағанына қарамастан  отбасындағы гармонияны ұстап келеді.


 


Ескерілуі керек – бұл заманауи саясаттың жалпылама мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, бизнесiн өрбіту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау жатады. Одан бөлек, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болуы міндетті деп саналады. Біздің қоғамымыздың дамуында әйелдердің рөлін бұдан әрі үлккйту үшін жаңа мүмкіндіктер беретән шешімдер және еліміздің гендерлік саясаты, сонымен қатар, онымен байланысты отбасы, әйелдер және балалар, нәзік жандылардың жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі сияқты мәселелері бойынша құқықтық база соның дәлелі.


 


Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, гендерлік теңдік деңгейі жоғары болған сайын, отбасы мүшелерінің өздерінің тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі мен нәтижелігі жоғары болатыны айқын.


 


Автор: Смагулова Ж




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу