Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.11.2023
686

Сұлуым-ай
Сенің көзің басқа әлемге тартады
Ұмыттырып бар уайымды бастағы
Жыр жазсамда жетпейді ғой ешқашан
Қара көзің мендік жүрек жаулады
Күлкің неткен бар ғаламды алады
Қуанғанда жанардан нұр шашады
Маған қарап күлімдеген кезіңде
Бар өмірім бал мен шырын татады
Ұзын қара шашың неткен сымбатты
Маған қарап баурап алып үн қатты
Мендік арман орындалмай қалғанда
Ұзын шашың бар ойымды аулапты
Тал бойыңда бір міні жоқ шіркін-ай
Сендей адам бұл өмірде ғажаптай
Басқа әлем жаратқанда өзіңді
Сұлулықты аямаған бір Құдай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇