Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.11.2023
171

Бірінші шілде күн ғажап
Бірінші шілде күн ғажап,
Домбыраның күні бұл.
Жанды баурап, тербейтін,
Әні менен жыры бұл.
Домбырамен жанданар,
Қазақ деген атымыз.
Әсем күймен тербелер,
Қазақ деген халқымыз.
Домбыраның күйімен,
Дараланып тұрамыз.
Домбыраны құрметтеп,
Алға қадам қыламыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter