Өлеңдер ✍️

  02.10.2023
  180


Автор: Ұлттық ұлан күні

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан әнұранының мәтіні - ЕЛДІҢ ҚОРҒАНЫ

Сөзі: Ерғожа Тлепбердиевтікі


Әні: Ахмедия Есмұқановтікі


1.Сапарға шыққан,ұлын сынаған,


Күлімдей тұрып қимай жылаған.


Тапсырып ұлын сол қара жолға да,


Тәңірден ана ақ жол сұраған.


Қ-сы:


Шақырған бізді баба жолдары,


Ұлттық ұлан қайсар ұлдары.


Құрыштай  білек,тайсалмас жүрек.


Қаһарман батыр,елдің қорғаны.


Қаһарман батыр,елдің қорғаны.


2.Тұлпарға мініп,тұяғы мықты,


Бақыт жолына қазағым шықты.


Алақан жайып ақсақалдары да,


Батасын беріп қырқаға шықты.


3.Ақсұңқар менен, айға ұшу деген,


Еліне ерте ақ жол тілеген.


Шуақты ұлдың көк туы  астында,


Бостандық құны бақыт тілеген.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу