![]() |
|
![]() |
Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.09.2023
92

Отбасы ай жұлдыздай
Отбасы ай жұлдыздай,
Сыйластықты қалайтын.
Ынтымақ пен бірлікті,
Бақытына балайтын.
Отбасы ай жұлдыздай,
Бірін-бірі қолдайтын.
Жанашырлар бір-бірін,
Қайғы-мұңға салмайтын.
Отбасы ай жұлдыздай,
Қанат қағып самғайтын.
Әрқашанда үйге деп,
Бар жақсысын арнайтын.