Өлеңдер ✍️

  12.03.2021
  482


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Алмагүл

Қыз кезінде өмірдің,
Шешек атқан гүліндей-ең.
Көктемнің,
Күлімдеген гүліндей-ең.
Ақкөніл, жарқын мінез, күлім қаққан.
Сарыарқа даласының кеңдігіндей.
Қыз ғұмыр сиға тартқан сымбатыңмен,
Талайды еліктіріп, желіктірдің.
Тәп-тәтті балға үйір арадай боп,
Қып-қызыл екі бетің алмадай боп.
Көрікті едің, көркем едің,
Жаз гүліндей жайқалып далада өскен.
Жігіттерге тек қана күлімдедің.
Ешбір жанның құрығына ілінбедің.
Жаныңа жан жуытпай сәйгүліктей,
Бұл күнде қандай жанның бақытысың?
Айтбек Әліпов, Нұр-Сұлтан қаласы,
12 наурыз 2021 ж.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу