31.05.2023
  280


Автор: Мөлдір Тоқжанова

БАЛАНЫҢ ӨЗІН БАСҚАРСАҚ ТА, СЕЗІМДЕРІН БАСҚАРА АЛМАЙМЫЗ.

Қатал ата-ана баласын сырттай басқара алатын сияқты көрінсе де, бала эмоциялық тұрғыдан құлдырауда болады.

Баланың сыртқы көрінісі ішкі тәртібіне байланысты болады. Ал ішкі ұқыптылығы сыртқы ұқыптылығына байланысты болады.

Қатал әрі өз сөзін күшпен қабылдатуға тырысатын ата-ана, баланың сыртқы тәртібін қадағалай алса да, бұл қатал көзқарас баланың ішкі жан дүниесіне кері əсерін тигізеді. Баланы ұрсу, ұру арқылы бағындырып, қалағанымызды жасата аламыз, алайда ішкі сезімдерін бағындыра алмаймыз, яғни сізге қарсы жағымсыз сезімі оянса оны өзгерту қиынға соғады

Осылайша қатаң ортада өскен балалар сырттай тәртіпті сияқты көрінгенімен, іштей өзін кем сезінеді. Есейгенде де балалық шақтың еркіндігіне қызығады немесе өзіне көрсетілген қысымның салдарынан эмоциялық қажеттілігін іште сақтайды және қоғамда өз орнын табуда қиналады. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу