31.05.2023
  168


Автор: Мөлдір Тоқжанова

Жүректер алыстамасын…


?Бірде үнділік әулие шәкірттерімен серуендеп жүргенде, Ганг өзенінің бойында бір-біріне айқайлап ұрысып жатқан отбасын көреді. Шәкірттеріне қарап:

- «Неге адамдар бір-біріне ашуланып айқайлайды?» деп сұрақ қояды.

Шәкірттерінің бірі:
- «Өйткені тыныштығымызды жоғалтамыз» дегенде тағы да:
- «Бірақ неге біз ашуланған адам қасымызда тұрсада айқайлаймыз? Біз айтуға болатын нәрсені сол адамға жәймен, төмен дауыспен жеткізе алсақ, неге айқайлаймыз?» деп қайтадан сұрайды.

?Шәкірттері үнсіз қалғандықтан үнділік былай деп жалғасын түсіндіре бастайды:

- «Екі адам бір-біріне ашуланған кезде, жүректері де бір-бірінен алыстай бастайды. ?
Осы арақашықтықтан бір-бірінің жүректеріне дауыстарын естірте алу үшін айқайлау керек болады.
Олар неғұрлым ашуланған сайын, арақашықтықты жабу үшін соғұрлым айқайлай түседі.?

? Ал екі адам бірін-бірі жақсы көргенде не болады? ?
Олар бір-біріне ұрысудың орнына жайбарақат сөйлеседі. Өйткені жүректері бір-біріне жақын болады. Араларында арақашықтық жоқ немесе өте аз болғаны.?

? Егер екі адам бір-бірін қатты жақсы көрсе ше? Ал олар болса, жай сыбырласады, ыммен түсініседі өйткені жүректері одан да жақынырақ болды.

? Біраз уақыттан кейін оларға тіпті сөйлесудің де қажеті жоқ, тек көзқарастарының өзі жеткілікті. Міне бірін-бірі шын сүйетін адамдардың түсінісуі осылай болады.»

? Содан кейін ол шәкірттеріне қарап, сөздерін былай жалғастырады:

- «Сондықтан дауласқан кезде жүректеріңіздің сууына жол бермеңіздер. Жүректеріңізді суытатын сөздерден аулақ болыңыз. Әйтпесе, күндердің-күнінде қашықтықтың артқаны соншалық, бір-біріңе жақындаудың жолын таба алмай қалуыңыз мүмкін.☹️

? Бұл тұрғыда баласына айқайлаған әрбір ата-ана өзінің балалары мен балалары арасындағы қашықтықты бір қадам алға ашқанын білуі керек.

? Ол айқайлау арқылы балаға сеніп тапсырылған жағымсыз көрініс тек рухани әлемге ғана емес, оның физикалық дамуына да әсер ететіндігін де түсінуіміз керек✊? 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу