Өлеңдер ✍️

  28.05.2023
  88


Автор: Серікбай Оспанов

Тәтіқара – ақын, сал қарт өткен жер...

Тәтіқара – ақын, сал қарт өткен жер,


Нұржан, Нұрхан жыр тербеп, ән төккен жер.


Ахмет пен Міржақып аруақ деп,


Азаттықтың жолында ант еткен жер!


Алмас қылыш суырылып, жарқ еткен жер!


 


Қостанай бұл Арқада жарқын қала,


Ол – сап-сары күздегі алтын дала!


Ол – ақынның мекені, ол – батырдың,


Жанарлардан көресіз жарқыл ғана!


 


Егін егіп, маңдай тер-жаңбырымен,


Жуынады Қостанай таң нұрымен.


Қаласымен, даласы, баласымен,


Елге әйгілі әсем күй, ән-жырымен!


 


Еркіндікке өмірде не жетеді,


Жүректерді тулатып, тербетеді!


Егемендік алғалы Қостанайым


Еркін құлаш сермеген Ер мекені!


 


Асығыңды үйірсең, алшы еткен жер,


Ар, намысты ұланы қамшы еткен жер.


Ұлылыққа  бастаған ұлыларды


Жасампаздық жолына жаршы еткен жер.


 


Миллиардтап Қостанай дән сепкен жер,


Бозторғайдың өзін де әнші еткен жер.


Диқандар мен мекені тау-тау астық,


Аруақ қонып, төсіне нар шөккен жер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу