26.05.2023
  352


Автор: Әсерлі әңгімелер жинағы

Роберт Томпкинс. «Шындықты іздеу жолында».

 


 


Ақыры осы бір тып-тыныш, оңаша жатқан елді-мекенде оның сапары аяқталды. Ескі үйдің есік алдында от жағып Шындық отыр.


 


Ол өмірінде мұнан асқан кәрі әрі ұсқынсыз әйел баласын көрген емес.


 


- Сіз - Шындық?


 


Бет-аузы әжімденіп кеткен кәрі қақпас салтанатты түрде бас изеді.


 


- Айтсаңызшы, мен әлемге нені жеткізуім керек? Қандай хабар алып барайын?


 


Кемпір отқа түкірді де тіл қатты:


 


- Оларға менің әдемі әрі жас екенімді айта бар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу