26.05.2023
  59


Автор: Әсерлі әңгімелер жинағы

Ертең туған күнім болатын кезде тоғыз жасар қарындасым маған сыйлық дайындап, оны бергісі кеп әбден тыпыршыды. Таңертең оны өзім ояттым да: «Енді сыйлығыңды бере берсең болады» дедім. Көзі ашылмастан қолын маған созып, құшақтады. Сосын жастығының астынан «Ардақты ағама, туған күніне!» деген жазуы бар конверт алып маған ұстатты. Ашсам ішінде 10 долларлық бір, 100 рубльдік екі қағаз, 50 рубльдік бір қағаз ақша бар екен. Өзінің жинап жүрген бар ақшасы. Көзімнен шығып кеткен жасымды көрмесін деп оны қатты құшақтап, жанында ұзақ жаттым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу