26.05.2023
  103


Автор: Әсерлі әңгімелер жинағы

Таңертең үйге келе жатсам, кіреберісте жазу ілініпті: «Құрметті, көршілер! Бүгін шамамен 9.20 үйге кіретін есіктің маңында 120 сом жоғалды. Тапқан адам 76 пәтердегі жалғызбасты анаға апарып бере салыңыздаршы! Зейнетақысы – 15 мың ғана екен». Әмиянымды ашып 120 сомды ыңғайлап қолыма алып, әлгі пәтерге барып, қоңырауын бастым. Ақша ұстаған қолымды соза беріп едім, есік ашқан кісі бас салып құшақтай алды. Сасып қалдым. Бірдеңелерді айтып, көзінің жасын сүртіп жатыр. Не болғанын түсінбей қалдым. «Ұн әкелуге шығып едім. Келгенде қалтамнан кілтімді алдым, сол кезде түсіріп алған шығармын». Бірақ! Ақшаны алмады. Бүгіндікке оның ақшасын тапқан алтыншы адам екенмін! Адамдар! Мен сендерді жақсы көрем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу