Баталар ✍️

  26.05.2023
  285


Автор: Халықаралық балалар күні

Мұң болмасын жүзіңде

Шаттық орнап жан балам,
Мұң болмасын жүзіңде!
Қуанышың жалғансын,
Көктемің бар күзіңде!
Мықты болып саулығың,
Өмірің гүл жайнасын!
Балалық гүлді бағыңда,
Бұлбұл құсың сайрасын!
Сәтті болып әр күнің,
Қуанышың көп болсын!
Жымың қағып жұлдызың,
Еш уайымың жоқ болсын!
Күлімдесін жанарың,
Арайлы таң нұр шашып!
Баурасыншы жаныңды,
Бақыт, шаттық үн қатып!
Ата-анаң аман боп,
Тыныш болсын әр күнің!
Сыйластықта жан балам,
Тату болғын барлығың!
Болса да күннің суығы,
Суымасын көңілің!
Әрбір сәтте қуан тек,
Гүлдей жайнап өмірің!
Балғын бала шақтарың,
Берсін тәтті өмірін!
Әумин!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу