Баталар ✍️

  26.05.2023
  224


Автор: Халықаралық балалар күні

Қуана түс жан балам!

Қуана түс жан балам,
Орындалып бар арман!
Әрбір күнің қуантсын,
Жаратқаннан сұранам!
Денсаулығың мықты боп,
Қасымызда жүр аман!
Балалардың күнінде,
Шаттық ойнап жүзіңде,
Жарқырай түс сен балам!
Ойнақтай түс құлындай,
Болып жұлдыз, күнің ай,
Баурай түссін кең далам!
Арайлы таң нұрланып,
Сен күлімдей үн қатып,
Жайнай түссін айналаң!
Ашық болсын аспаның,
Жайнап сенің жас жаның,
Жалғай түссін бал әнің,
Бұлбұл құсың сайраған!
Ел ертеңі әкім бол,
Халқыңа сен жақын бол!
Елдің қамын ойлайтын,
Өлең жазар ақын бол!
Қорғар елді жаманнан,
Мықты жүрек батыл бол!
Жақсыларға жан балам,
Лайым әркез жақын бол!
Жаратқаным жар болсын,
Атар сәтті таң болсын!
Болашағың жарқын боп,
Бар жақсылық бар болсын!
Әумин!
Жібек Искакова





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу