Баталар ✍️

  26.05.2023
  279


Автор: Халықаралық балалар күні

Аман болшы балалар!

Күлім қағып жүздерің,
Аман болшы балалар!
Өтсе де жаз, күздерің,
Құлпыра түс балалар!
Қыстың сезбей суығын,
Тоңбаңдар еш балалар!
Сезбей салқын көктемді,
Көктей берші балалар!
Арайлы атып таңдарың,
Орындалып арманың,
Жарқыраңдар балалар!
Сәтті өтіп күндерің,
Солмасын еш гүлдерің,
Жарқын шығып үндерің,
Жалындай түс балалар!
Өркендеңдер, өсіңдер,
Қызық ғұмыр кешіңдер,
Асулардан өтіңдер,
Қылығы зор балалар!
Өмірлерің жайнасын,
Жүзіңде нұр ойнасын,
Бұлбұл құсың сайрасын,
Бақытты боп балалар!
Балалардың күнінде,
Шаттық ойнап жүзіңде,
Қуаныш боп үніңде,
Бақ таба түс балалар!
Ел ертеңі өздерің,
Қуанатын кездерің,
Жымың қағып көздерің,
Көптеп болсын балалар!
Әумин!

Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу