Баталар ✍️

  26.05.2023
  294


Автор: Халықаралық балалар күні

Аман болсын балалар

Аман болсын балалар,
Балбұл жанып жүздері!
Қуанышқа бөлесін,
Өтер әрбір күндері!
Саулықтары мықты боп,
Ата-анасын қуантсын!
Әрбір бала лайым,
Жақсылыққа құмартсын!
Қызықты өтіп балалық,
Балдай болсын лайым!
Қылығымен қуантып,
Аман жүрсін әрдайым!
Атсын сәтті таңдары,
Шаттығымен тербелеп!
Ел ертеңі балалар,
Жүрсін күліп, еркелеп!
Аман болсын балалар,
Жаратқаным жар болып!
Тыныш болсын еліміз,
Атар сәтті таң болып!
Раббым Алла қолдасын,
Балаларға жар болып!
Уайымдары болмай еш,
Жүрсін дәйім бар болып!
Әумин!
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу