Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  76


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Сіз осы, қандай жансыз?

Cіз осы, қандай жансыз?
Жүзіңе қарау үшін жүрек керек.
Жанымды алдамшы ойлар, арбайды әлсіз.
Мен ұқпас, ешкімге айтпас арманымды,
Кешкілік құба белде салғандайсыз…
Жан бардай маған ғана тілекші бір,
Сол жанды аялаймын, жібектей кіл.
Білмеймін неге екенін, өзімнен де
Жасырам, тасаланып жүректе жүр.
Ешкімге көрсетпеймін тығып жүріп,
Жат көздің кетпесін деп сұғы кіріп.
Сіз ғана бұл сезімнің тілін біліп,
Сіз ғана кетердейсіз ұғындырып.
Іздейсіз бе, басқа жер басқа жұмақ?
Кетпеңізші, жасымды жасқа шылап.
«Менікі» деп жүректе сақтап жүрмін,
Жер таппадым қоятын басқашалап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу