Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  63


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Болса да тезге салып сынамағы…

Болса да тезге салып сынамағы,
Алланың құлы емес пе ек, шыда кəні!
Бастауы бұлқынғанмен өр өзенде,
Теңізге құйып барып тынады əлі.
Қолыңда жоқ нəрсеге қапа болма,
Дүние бір тиыннан құралады.
Адасып тура жолдан бұрыс кетпе,
Өмірдің бітіп болмас бұралаңы.
Алладан күт, басқаға бата қоймас,
Пенденің зарын төгіп жылағаны.
Төгілген шаңырағыңнан үттей болып,
Ниетің қабыл болғай, Жұмадағы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу