Өлеңдер ✍️

  24.05.2023
  65


Автор: Мехнат Теміртасқызы

Жүрегімнің төресі

Жаным, менің жырларымды дəлдеп ұқ.
Жүрек осы,
Құям десең сəуле-құт!
Тағы сезім, шалғайыңа жабысты,
Бұл не деген — əурелік!
Келеме деп,
Күтуменен шалғайдан,
Шыдамсыз ой, ашты тағы шар майдан!
Күлдір-күлдір кісінеткен күміс жал,
Күреңменен келермісің,
Əй, қайдам?!
Өкпелейсің, енді несін сөгесің!
Мен бақытты боламын ғой,
Көресің!
Мыңжылқының маралына айналам,
Көктеп алып жүрегімнің көбесін.
Өзімді-өзім жұбатамда сенделем,
Көзге ілмей «көк аттыны көлденең».
Қасымда бол,
Жүрегімнің төресі!
Сен болмасаң,
Шықпайды екен жөнді өлең!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу