Өлеңдер ✍️

  21.05.2023
  90


Автор: Иоганн Вольфганг фон Гёте

Теңіздегі тыныштық

(1795)

Кеткендей қалғып су беті,
Тұп-тұтас көктің көбесі.
Сұрланған теңіз суретін
Шолады шошып кемеші.
Қалған ба құрып жел деген?
Өліктей үнсіз тұр мол түн.
Айдында мынау көлбеген
Бүлк етсе-ау, қайран бір толқын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу