13.05.2023
  702


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әкесінің жаназасында үйленген жігіт - 6 бөлім

Ұмытсаңшы оны!Ұмыт!Алда әлі сан мың торап жол барысында бақытыңды жолықтырарсың әлі...Күлімдеп оянар таңдар келер, бұлттанған түндер де өтер.ҰМЫТ!Жаныңды босқа қинама!.
-Ұмыт деймісіз?! Ұмыта алсам осындай жағдайға душар болар ма ем?!Ұмытуым мүмкін болмаған соң жабырқаумын.Күлімдеп атар таң деймісіз?! Мен таң түгілі ұйықтауды ұмытқалы қашан?! Қалай күлу керек екенінде ұмытыппын.
-Балам-ау, ілгері қарай жүрсеңші,
кейінге қарай тартыншақтамай! Неге ілгері қадамыңды нық басып болашағыңды ойламайсың? Әлде өзіңе өзің дұшпансың ба? Жаныңды қинамай бәрінде өткенмен қалдыр.Ең болмаса сыр ақтарып жаныңды жегідей жеген бұл азаптан арылсаңшы?Осыншама солардай не болды өзі? Өлгеннің артынан өлмек жоқ, ұлым.
- Құрбыға да досқа да аян жан жарам...Маған аянышты көзқарас танытатын болды, содан соң айтпауға бел будым.Мен махаббат дертіне шалдықтым, емім де емшім де тек сол ғана.Одан өзге ешкім көмектесе де алмайды.Солдым иә, мен солып барам...Қайтейін,қолымнан ештеңе келер емес.Мына әлем Әсемсіз керексіз болып қалды...Мүмкін уақытысы келсе бәрі реттелер. Бірақ қазір емес. Өтінем жанымды жараламай осымен тоқтатайық.
Мадиярды үгіттеу анасының қолынан келмеді. Амалсыз көз жанары жасқа толып ұлы үшін дұға етуден басқа еш шарасы жоқ ана байғұс өз жөніне кете барды.
Солай күн өте берді. Қабағын түйіп, ешкімге пейілін бермей, жабырқап жүріп – өмір мерекесінде бар қызықтан құр қалған Мадияр жаңа туылған сәбидей айналасына таңырқап жүр. Тек марқұм әйелінің жанында болмағаны болмаса бұрынғы өміріне оралған Мадиярдың өзгелер мен қарым-қатынасы реттеліп келеді. Ұлының шынайы өмірге қайта оралғанын байқаған анасы балаша қуанып жүр. Көптен күткен сәті де осы емес пе? Бір емес, екі емес бақандай он бір жыл күтті. Өткен осы жылдар бойы бар дұғасы «ұлымның өз теңін тауып бақытты болғанын көрмейінше жанымды ала көимеші»-деп, тәңіріне жалбарынып келді.

Жалғасы бар




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу