13.05.2023
  516


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әкесінің жаназасында үйленген жігіт - 3 бөлім

-Баланың еміне ақшаны қайдан табамыз. Сен еш алаңдамай жұмысыңды жасай бер мен өзім алып бара берейін.
- Жат елге қалай жалғыз жіберем?
- Сен уайымдама. Бәрі жақсы болады. Алысқа кетпеймін ғой. Шымкент пен Ташкенттің арасы бірер сағаттық жер емес пе?
- Жарайды.
Әсем кезек көбеймей жатып ерте бару үшін шекараға дейін таксимен бір күн бұрын сөйлесіп қойды. Түнгі сағат 4 тер шамасында жолға шықпақ болды. Сондағы ойы таңертең ерте барып, дәрігерге ұлын ертерек көрсету болатын. Түн қараңғыда ұйқыдағы ұлын көтеріп жолға шығып кетті.
Шымкент-Жетысай үлкен жолда көліктері апатқа ұшырады. Үлкен жүк көлігі келіп дәл Әсем отырған жақтан жеңіл көлікті соқты. Өкініштісі Әсем апат орын алған жерде көз жұмды.

Кіп-кішкентай баласын өз денесімен қорғап қалған байғұс әйел ерлікпен жан тапсырды десекте болады. Осылай боларын білгендей Мадиярға « сен бармай-ақ қой»-деп шырылдап жүргенін қарасаңызшы. Періштедей балақай анасының өлі денесін өз көзімен көріп тіптен шошып қалды. Әсемнің денесін Шымкентке моргқа алып кетті. Ал Мақсат болса шырылдап жылаған күйі полиция бөлімшесіне жеткізілді. Әкесі келгенге дейін қара терге түсіп тоқтаусыз жылай берді. Әкесін көрген кезде тіптен жылауы күшейе түсті. Әкесі мен ұлы екеуі бірі анасын, бірі сүйікті жарын жоқтап еңірене жылап алды. Әсемнің денесін Мадияр ауылдағы әке-шешесінің үйіне апарып, сол жерде жаназа намазы оқылып мәңгілік сапарға шығарып салды.
Жол апатына кінәлі жүк көлігінің жүргізушісі бас бостандығынан айырылды. Анасының қазасынан соң Мақсат бұрынғысынан бетер ынжық, кесір болып ешкімге көнбейтін мінез пайда болды. Мадияр баласын әке-шешесіне тастап өзі қалаға жұмысына оралды. Мадиярда мектепке математика пәнінен сабақ береді. Анасы қаза болып, әкесі тастап кеткен балақай өзін ешкімге қажеті жоқ адамдай сезініп бір бұрышта тығылып жылап отыратын. Мадиярдың ағасы Азамат қара шаңырақта әке-шешесінің қолында тұрады. Бес баласы бар үлкен отбасы. Жеңгесі Дариға өте тамаша жан. Мақсатты өз балдарынан артық жақсы көріп өзіне жақын тартқысы келсе де оған көнетін ол жоқ.« Сен менің анам емессің. Сен менің анама ұқсамайсың»- деп, маңына да жолатпайды. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу