Өлеңдер ✍️

  04.05.2023
  342


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Керегі жоқ ондай бақытың...

Сенсіз келген бақыт болмас,


Бәрі оның қайғы-мұң,


Қазіргіге сене алмай,


Таңырқаумен отырмын.


Сенсіз келген бақыттың,


Құны маған бес тиын.


Сенсіз келген шаттықтың,


Шуағы жоқ өлмейтін,


Сен болмасаң жанымда.


Керегі жоқ басыма,


Бұлай берген бақытың,


Айтарым осы болар.


Тек өзіңді таңдаппын,


Тек өзіңмен менің жаным,


Қайта тіріліп жайнаппын,


Тек өзіңмен сездім мен,


Не екенін сезімнің.


Тек өзіңмен көріппін,


Қоштасудың кесірін.


Сенсіз жетпей бақытыма,


Жете алсам сенбегің.


Керегі жоқ бұндай бақыт,


Сен болмасаң себепшім.


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу