Өлеңдер ✍️

  26.04.2023
  271


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Менде лайықпын махаббаттқа

Менде лайық шығармын махаббатқа,


Мені күтетін тек жаман атпа?


Ұзақ жылдар жаным жеген махаббаттқа,


Сол сезімім өліп қалса арман барма?


 


Өкпең барма бұл қиын тағдырғада,


Менімен жолықтырған уақыттарға.


Уақыт келді сен қазір бақыттысың,


Менде лайық шығармын шын бақытқа.


 


Бір күндері басқа жанға ұнармын,


Бір күндері шын бақытты табармын,


Сол кездері еске алып өзіңді,


Бақытты қылдыма? деп сұрармын.


 


Күндер өтер жылдар келер алдыда,


Менде кетем есік жауып құлыпқа,


Екінші рет кіргізбеймін мен сені.


Сенде мені елемейсің ол кезі.


 


Менде лайықпын ғой бақытқа,


Өмірім құралмаған қараға.


Неге бұлай тым ұзақ сезімім,


Өз өзіме бағынбайды қашанда.


 


Кім біледі болашақта көреміз,


Бәлкім солай жастай кетіп өлеміз,


Бұл өмір ғой сырға толы құралған.


Не болсада қу тағдырға көнерміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу