19.04.2023
  243


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 11 бөлім

Күйеуім абысыным мен енеме ашуланып оларға сөйлемей жүрді. Өтірік сөйлеп, оны үміттендіріп қойғаныма қатты өкіндім. Өтірік істерім жаныма батып жылағаным жылаған. Енем мен күйеуімнен сұранып төркініме қыдырып бардым. Менің анамның ештеңеден хабары жоқ. Бірақ уайымға салынып, көзім жастан құрғамайтынын көріп ақылын айта бастады.
- Қызым ау, неге жылай бересің? Күйеубала бірдеңе деді ме?
- Жоқ, ол өте жақсы адам.
-Онда не? Неге жылайсың?
- Енем мен абысыным ғой.
- Олар саған не дейді. Қолыңды бірнеше рет ұстадым, көзім мен көріпте тұрмын. Күндіз түні тыным таппайтын пысық келіннің қолы мұншалықты жұмсақ мамық бола қоймас. Соған қарағанда ауырдың асты мен жеңілдің үсті мен тірліктен қашып жүрген жоқсың ба?
- Жоқ, мен бәрін де істеймін.
-Олай болса олар саған неге тиіседі екен?
- Енем мені емес абысынымды жақсы көреді.
-Ой, жаным ау, уақыт өте келе сеніде жақсы көріп кетеді. Тірлікті тақадай істеп бар жағдайын жасап, ұлына қамқор болсаң өзі ақ сені жақсы көріп кетеді.
Анам бар ақылын айтты. Бірақ ол кезде ақпа қүлақ болғаннан болса керек еш бір ақылына құлақ салмадым. Жақында тұрмысқа шыққан құрбымды кездестіріп қалып біраз әңгіме айттық. Оның енесі дуакеш әйел болыпты. Ұлын қызғанып құрбым мен күйеуі екеуін ажыратып жіберіпті. Шайтанның бұйрығынан шыға алмайтын мен бейбақ тойымызда түскен әке шешем мен енемнің суретін тауып алып ауылдағы тәуіпке бардым. Ол кісі енемді абысыным дуалап өз дегенімен жүретін етіп алғанын айтты. Ал маған қайтарма дуа жасап беремін деді. Енемді абысыныма қарсы тұратындай етіп дуа жасаттым. Бір қалтаға түйілген құмға дем салып оны енеңнің бөлмесіне себесің деп қолыма ұстатты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу