19.04.2023
  183


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 12 бөлім

Айтқанын екі етпей енемнің бөлмесіне білдірмей сеуіп тастадым. Бірақ еш өзгеріс бола қойған жоқ. Өтірік айтып үйден шығып талай бақсы балгерге барып енем мен абысынымның суреттерін көрсетіп сырттарынан дуа жасаттым. Жасатқан дуа әсер етіп екеуі болмашыға келіспей ұрыс жанжал көбейіп екеуі қырылып қалды. Тіпті абысыным екі баласымен төркініне кетіпте қалды. Бірақ қайын ағам барып қайта алып келді. Бірнеше айдың ішінде қаншама жылдық сыйласып келе жатқан ене мен келін бір бірін түтіп жей бастады. Ақыр соңы енем оларды үйден қуып жіберді. Қайын ағам мен абысыныи пәтер жалдап тұра бастады. Әбден дуа жасатқан енем алжып есін жоғалтып қалды. Мен қараусыз қалдырған соң абысыным келіп өзімен бірге алып кетті. Енем үйден қуғаннан кейін абысыным маған мүлдем сөйлемей қойды. Жұмған ауызын ашпайды. Бір жылдай ешкімді танымай алжып төсекте жатып енем қаза болды. Өз үйінен шығармай жалдамалы пәтерден жаназасын шығарды. Өзімді кінәлаудың орнына «мені жақсы көрмей шетке сырып қойған өздері кінәлі» деп үнемі өзімді ақтап жүрдім. Жаным қиналғаны рас бірақ.
Екеуінен де құтылған мен сорлы өзімді жеңіс иесі санап бақытты болып жүрдім. Әй дейтін бір әже жоқ, қой дейтін бір қожа жоқ. Теледидарды қосып қойып түрік, кәрістің киноларын көріп жатқаныма мәзбін. Күйеуім келер уақыт жақындағанда жүгіріп жүріп үй жинаймын, ас әзірлеймін. Тек көзге көрінетін жерлерді ғана жинап, көрінбейтін жерлерге керексіз заттың бәрін тығып тастаймын. Тамағым дәмсіз, наным қатып қалған күйеуім ашуланып боқтап боқтап алады. Екі сөзінің бірінде « анам мен абысыным сені жақтырмайтындай бар екен. Әттең ай» деп, басын шайқап қалатын. Ағасының алдына талай рет барды жалынып. Бірақ олар қайта келмеді. Тамақ әзірлемей дүкеннен дайын затты сатып алып жей беремін. Қарызға ала беріп күйеуімнің бар тапқанын қарызға төлеп ақшадан қинала бастадық. Солай жүргенде аяғым ауырлады. Жеріктігім ұстап дүкеннен екі есе қарызға баттым. Күйеуімнің тапқаны қарыздың жартысына ғана жетті. Дүкен иесі төлей алмаған соң қарызға бермей қойды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу