19.04.2023
  188


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 13 бөлім

Үйде бар соңғы картоп мен пияздан дәмсіз етіп ас әзірлеп күйеуіме бердім. Ол болса жемей аштан аш жатып қалды. Біздің қарызға батқанымыз жайлы бүкіл ауыл естіді. Дүкенші күн сайын келіп есігімді тоқылдатып мен ашпаған соң ұрсып ұрсып кетіп қалады. Тіземді құшақтап жылаймын да отырамын. Жұмым іздеп жұмысқа шықтым. Өз енем мен абысынымның арасында болған жанжалға жұрт мені кінәлап менімен ешкім араласпай қойған. Нашар мінезімнің кесірінен еш бір жұмысты алып кете алмадым. Дүкен иесінің әбден ашу мен есігімді қаққанына құлағым үйреніп қалса керекті, бір емес бір аптадай бұл дауыс шықпай құлағым тыныштыққа үйренісе алмай жүрдім. Ақыр соңы шыдамым таусылып дүкенге бардым. Барсам қолында қос қос пакеті бар дүкен иесі менің шақырпақ болып тұрған екен.
- Мә, мыналарды ал.
- Бұл не?
- Не болушы еді? Әрине азық-түлік. Ана байыңа обал аш қалып бір жерде құлап өлер.
-Маған қарызға ештеңе бермей қойған едіңіз ғой. Бұл қалай болғаны?
- Енді қарызың жоқ. Қарызыңды да, мына заттардың ақшасын да біреу төлеп қойды.
- Рас айтасыз ба? Ол кім екен?
- Оны қайтесің?. Үйіңе бар да тамағыңды істе. Күйеуің айлық алатын күнге дейін мыналарды үнемдеп жеткіз.
- Жарайды, көп рақмет.
Жүгіре үйіме барып ас әзірлеп дастархан жайып күйеуімнің келгенін күтіп отырдым. Таңданып, таңданысын жасыра алмады.
- Азық түлікті қайдан алдың?
- Білмеймін, біреу қарызымыз бен қоса азық түліктің де ақшасын төлеп кетіпті.
- Біреу дейсің бе? Сен үшін олар жайғана біреу болғаны ма? Бәсе сол үшін де олар мен басың сыйыса алмаған екен ғой. Жай ғана біреу ретінде емес өз туған ағаң мен жеңгеңдей көргеніңде бәлкім қазір бұлай жүрмеспе едік?.
- Олар өзі пәтер жалдап жүріп біздің жүз мың теңгемізді төлейді дейсің бе? Олар емес шығар.
-Олардан басқа менің туысым бар ма? Осыншалықты ақымақ әйелді маған жар етіп қосатындай қандай күнәм бар екен? Сені жолықтырған күнге қарғыс атсын. Жемеймін, қаласаң өзің жей бер. Тамағыңнан өтсе егер...
Бұл сөздер жаныма қатты батты. Бірақ тәубеме келтіре қойған жоқ. Ұялмай, арланбай қарнымды тойдырып алдым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу