14.04.2023
  78


Автор: 365 күн

27 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Бүкілресейлік кітапхана күні аталып өтеді. Кітапханалар адамзаттың мәдени дамуында маңызды рөл атқарды, ал олардың қызметінің арқасында бүгінгі күні бірегей кітаптар жинақталған үлкен қор жиналды. Неліктен бұл күн таңдалғаны көптеген адамды қызықтырады. 27 мамырда алғашқы Ресей кітапханасы – Император қоғамдық кітапханасы ашылды, ол сонау 1795 жыл болатын. Бұл мерекеде әр мемлекеттің қайталанбас және ерекше мәдени бөлігі болып табылатын кітапханалардың барлық қызметкеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

АҚШ-та бүгін Еске алу күні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты –Американың барлық қаза тапқан азаматын еске алу. Бастапқыда азаматтық соғыс кезінде қаза болғандарға құрмет көрсетілді, алайда қазір барлық соғыста қаза тапқандар, тіпті марқұм болған жандардың барлығы еске алынады. Бұл күні зираттарда, шіркеулерде және басқа да қоғамдық орындарда арнайы рәсімдер өткізіледі. Еске алу күні алдымен Безендіру күні (Decoration Day) деп аталды. Бұл күні халыққа қызмет ету жолында қаза болғандардың рухына тағзым етіледі. Мерекенің тарихы туралы әр түрлі мәлімет бар, оннан астам қала Еске алу күні пайда болған жер деген атқа үміткер. Азаматтық соғыс аяқталардың алдында елдің оңтүстігіндегі ұйымдасқан әйелдер топтары зираттарды безендіргені туралы деректер кездеседі.

Бүгін сондай-ақ Батыл шешімдер қабылдау күні. Бұл күні ең болмағанда бір батыл шешім қабылдау керек. Ол шешім тұрмысқа шығу немесе шайдың жаңа сұрпын ішіп көру бола ма, маңызды емес. Ең бастысы – оны 10 секунд қана ойланып қабылдау және іске асыру. Өйткені біз тым көп ойланатындықтан қаншама игіліктен құр қалып жатқанымызды кім білсін. Бүгінгі күн – соны түзетудің керемет мүмкіндігі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу