14.04.2023
  61


Автор: 365 күн

25 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1931 жылы ғарышкер, екі мәрте Кеңес одағының батыры Георгий Гречко дүниеге келді;

1939 жылы британиялық кино және театр актері, продюсер Иэн Маккеллен дүниеге келді. Ол "Властелин колец" фильмінде Гэндальф рөлін сомдады;

1949 жылы кеңестік және белоруссиялық эстрада әншісі, "Песняры" тобының мүшесі  Леонид Борткевич дүниеге келді;  

1971 жылы кеңестік, ресейлік әнші, актриса, Ресейдің еңбек сіңірген артисі (2013) Кристина Орбакайте  дүниеге келді.     

25 мамырда Қазақстанда кім туды

1909 жылы КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақстанның ғылым және техника саласының еңбек сіңірген қайраткері, Ақтау қаласының құрметті тұрғыны Сафи Өтебаев дүниеге келді;

1924 жылы армия генералы, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Ұлы отан соғысының ардагері, Кеңес одағының қаһарманы, Целиноград, Алматы, Донецк қаласының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетов дүниеге келді;

1935 жылы жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Ғұсман Қосанов дүниеге келді;

1976 жылы Қазақстан ұлттық банкінің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының көмекшісі Данияр Ақышев дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу