13.04.2023
  104


Автор: 365 күн

15 мамырда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1918 жылы АҚШ-та әлемдегі алғашқы әуе поштасы жұмыс істей бастады;

1928 жылы Микки Маус кейіпкері алғаш пайда болды;

1969 жылы Пол Маккартни болашақ әйелі Линда Истманды алғаш кезіктірді;

2001 жылы "CSX 8888 оқиғасы" болды: Огайо штатында ешкім басқармаған пойыз екі сағат ішінде 76 км/сағ жылдамдықпен 106 км қашықтықты жүріп өтті. Пойыз жүгінің арасында қауіпті химикаттар да болған еді. 2010 жылы оқиға желісімен "Неуправляемый" фильмі түсірілді.

15 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды;

2013 жылы Нью-Йоркте Қазақстан және Доминика Достастығының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері бірлескен коммюникеге қол қойып, дипломатиялық қатынас орнатты;

2014 жылы Астанада G-global алаңында әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар онлайн-конференция өткізді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу