13.04.2023
  77


Автор: 365 күн

14 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Ресейде Фрилансер күні аталып өтеді. 2005 жылы дәл осы күні Ресейдегі ең алғашқы фрилансер биржаларының бірі құрылған. Жыл сайын осы компанияның бастамасымен түрлі шаралар өткізіліп, оған белгілі бір кеңседен тыс қызмет ететін барлық фрилансер, дизайнер, бағдарламашы, менеджер, оптимизатор, копирайтер шақырылады. Фрилансер (freelancer – еркін найза ұстаушы, еркін атқыш) – қандайда бір компанияның штатына кірмейтан адам, ол тапсырыс берушілерді өзі таңдап, жұмыс кестесін өзі құрады. Ресей мен ТМД-ның басқа елдерінде бұл құбылыс кең тарамаса да, жыл сайын фрилансерлердің саны өсіп келеді.

Бүгін – вазелиннің туған күні. 2019 жылы бұл косметикалық әрі дәрілік зат 138 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. 1872 жылы британдық-америкалық химик Роберт Чезбро вазелинді әзірлеу технологиясын ойлап тауып, одан әрі жетілдірді. 1878 жылы 14 мамырда осы дәрмекті патенттеп алды. Содан бері бұл күн вазелиннің ресми туған күні болып саналады. Чезбро мұнайшылар жарақат пен күйікке жағатын ерекше массаға назар аударған. Осы затты терең зерттей келе, парафинге ұқсас дәрмектің терінің жаңаруына жақсы әсер етіп, жарақаттың жазылуын жылдамдататынына көз жеткізді. Тәжірибелер нәтижесінде химик заттың пайдалы компоненттерін анықтап, бөліп алды. "Мұнай желесі" деген атпен Чезбро өнімнің алғашқы партиясын дәріханаларға жеткізді. Бірақ жақпа майдың бұл атауын көпшілік түсінбейді. Мұнаймен байланысты зат қауіпсіз дегенге ешкім сенбепті. Сол кезде өнертапқыш немістің "су" сөзі мен латынның "зәйтүн майы" сөзін біріктіріп, нәтижесінде жаңа термин пайда болған – "vaselinum".




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу