11.04.2023
  114


Автор: 365 күн

10 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1923 жылы Әзербайжанның 3-президенті, мемлекеттік және саяси қайраткер Гейдар Алиев дүниеге келді. 2003 жылы қайтыс болды; 

1944 жылы америкалық режиссер, продюсер, танымал "Аэроплан ", "Совершенно секретно " комедиялық фильмдеріне түскен Джим Абрахамс дүниеге келді;

1948  жылы америкалық актриса Мег Фостер дүниеге келді;

1956 жылы "Взгляд ", "Поле Чудес " бағдарламаларының авторы, журналист, тележүргізуші Владислав Листьев дүниеге келді. 1995 жылы Мәскеуде өлтірілді;  

1955  жылы кеңестік және ресейлік инженер, "Что? Где? Когда? " интеллектуалды бағдарламасының қатысушысы, тележүргізуші  Александр Друзь дүниеге келді;  

10 мамырда Қазақстанда кім туды

1904 жылы әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Толыбаев дүниеге келді. "Найзағай ", "Толқын ", "Қызғалдақ ", "Табыс ", "Жартас " сынды жыр жинақтары бар. Ақынның Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шығармалары майдан газеттерінде жиі басылып тұрған;

1911 жылы Кеңес Одағының батыры Ысқақ Ыбыраев дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Горький қаласындағы М.Фрунзе атындағы әскери-саяси училищесінде, Могилев жаяу әскер училищесінде оқыған;

1929 жылы жазушы, аудармашы, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Кәкімжан Қазыбаев дүниеге келді;

1971 жылы ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі Айдархан Құсайынов дүниеге келді;




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу