11.04.2023
  49


Автор: 365 күн

7 мамырда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1840 жылы орыс композиторы, музыка сыншысы және педагог Петр Чайковский дүниеге келді.  Он опера, үш балет, алты симфонияның авторы, ең танымал шығармалары – "Лебединое озеро", "Щелкунчик"," Спящая красавица";

1931 жылы ғылыми фантастика мен фэнтези жанрында қалам тербеген америкалық жазушы Джин Вулф дүниеге келді;

1939 жылы италиялық кинорежиссер, сценарист және продюсер Руджеро Деодато дүниеге келді;

1946 жылы кинорежиссер Владимир Бортко (Фильмдері – "Собачье сердце", "Бандитский Петербург", "Тарас Бульба) дүниеге келді.

7 мамырда Қазақстанда кім туды

1930 жылы Қазақ КСР-нің халық суретшісі Евгений Сидоркин дүниеге келді;

1931 жылы конькиші, Қазақстан конькишілері арасынан шыққан тұғыш спорт шебері, алыс қашықтықтарға жүгіруден және көпсайыстан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, 7 мәрте республика рекордын жаңартушы Ораз Қаңлыбаев дүниеге келді;

1963 жылы ҚР Парламенті сенатының төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева дүниеге келді.

1975 жылы ҚР Премьер-министрінің орынбасары (2019 жылдың 25 ақпанынан) Жеңіс Қасымбек дүниеге келді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу