11.04.2023
  77


Автор: 365 күн

7 мамырда қандай айтулы оқиға болды

7 мамырда Қазақстанда Отан қорғаушы күні аталып өтеді. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл жарлық бойынша Қазақстан аумағында орналасқан Қарулы күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті.

Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қарулы күштерді басқаруды президент өз мойнына алды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болғандықтан "7 мамыр — Отан қорғаушылар күні" деп жарияланды. Ал 2012 жылы Елбасының бұйрығымен 7 мамыр қатардағы дата ретінде елеусіз қалмай, мемлекеттік мәртебеге ие болды.

Сондай-ақ бүгін Радио күні аталып өтеді. 1895 жылы орыс физигі және өнертапқышы Александр Попов Петербор қаласындағы университетте ғылыми қауымдастыққа сымсыз радио жүйесін таныстырды. Содан бері біз күнделікті радио эфирлерін, жаңалықтар мен музыка тыңдап келеміз. Радио күнін алғаш рет кеңестік Ресейде 1925 жылы 7 мамырда жоғары деңгейде атап өтті




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу