11.04.2023
  101


Автор: 365 күн

4 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Жұлдыздар соғысы күні аталып өтеді. Мереке Джордж Лукастың "Жұлдыздар соғысы" қиял-ғажайып сагасынан кейін пайда болған. Бұл күні әдетте көптеген аттрацион саябақтары кинокартинаның ең әсерлі эпизодтары көрініс тапқан тематикалық шаралар ұйымдастырады. Саябақтар Лукастың шығармаларына ғашық жандарға естен кетпес ерекше атмосфера сыйлайды. Бұл күні "Жұлдыздар соғысының" фанаттары басын қосып, фильмнің ұнаған сәттерін бірге талқылап, жұмбаққа толы ғарыш әлемі туралы емен-жарқын әңгімелеседі.

Бүгін – Халықаралық өрт сөндірушілер күні. Кәсіби мереке 1998 жылдың желтоқсанында Австралияда тұтанған алапат орман өртін сөндіру кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін пайда болды. Сол күні тілсіз жау бес өрт сөндірушінің өмірін қиған еді. Мерекенің датасы ретінде өрт сөндірушілердің аспан жебеушісі саналатын Әулие Флорианға құрмет көрсету күні таңдалды. Оның үстіне дәл осы 4 мамырда әлемнің біраз елі өрт сөндірушілердің төл мейрамын атап өтеді.

Сондай-ақ, бүгін жиналмалы қолшатырдың туған күні екен. Қазіргі адамдардың қажетті аксессуарына айналған қолшатырдың тарихы қызық. Ең алғаш қолшатыр ежелгі Қытайда пайда болған деседі, алайда оны тек ауқатты адамдарға ғана ұстауға рұқсат етіпті. Алғашқы қолшатырлар өте ауыр болатын, салмағы шамамен бір жарым келіден басталады екен. Десе де сәннен қалғысы келмейтіндер бар жиған-тергенін берсе де, қолшатырды сатып алатын болған. Жиналмалы қолшатырдың отаны Париж саналады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу