11.04.2023
  121


Автор: 365 күн

2 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін -  Дүниежүзілік тунец күні. Мереке халық назарын балықтың осы түріне аударып, тунец популяциясына төнетін қауіп-қатер мен тунец қорын тұрақты басқарудың экономикалық және әлеуметтік басымдықтары туралы хабардар етуге бағытталған. Бұл мейрамды тойлауға 93 мемлекет себепкер болды. Тунец - скумбрия тұқымдас теңіз балықтары. Табиғатта қырық шақты түрі кездеседі, олар салмағы және көлемі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Ең кішісінің ұзындығы 50 см, салмағы 1,8 кг. Ал ең ірі тунецтің ұзындығы 4,5 метрге дейін жетіп, салмағы 600 келі тартады.

Бүгін мадридтіктер Мадрид күнін атап өтеді. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, бұл күні "Маджерит" атты қамалдың негізі қаланған. Сол кезде билік еткен араб әмірі Бірінші Мұхамед христиандардың шабуылынан қорғану үшін аумақты қоршауға бұйрық беріпті. Осы мерекені тойлау кезінде үкімет шеру ұйымдастырып, сарбаздар шеп құрып, көшеге шығады. Бас алаңға туристер жиналып, әскери парадты тамашалайды. Ойын-сауық шаралары, театр қойылымдары мен түрлі концерттер өтеді.

Ал Ресейде бүгін әскери борышын өтеуден қашатындардың мейрамы тойланады. Қазірде "отан қорғаушы күні" өзектілігін жоғалтып, осындай әзіл-шыны аралас мерекені ойлап табуға тура келіпті. Ресейдің қорғаныс министрлігінің ресми мәліметі бойынша, ер азаматтардың 9%-і ғана әскерде борышын өтеп жатыр, сондықтан көп ұзамай 2 мамыр халықтық мерекеге айналатын сияқты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу