08.04.2023
  345


Автор: Бодо Шефер

ТҮСІРІЛІМ АЛАҢЫНДА

Келесі күні Карл түсірілім алаңы-на келгенде, бір нәрсе өзгергендей сезімде болды. Алайда, не өзгергенін түсінбеді, бұл жерде болмағанына небары екі күн ғана өткен еді. Ал студиядағы өзгеріс қарапайым болып


шықты: фильм жұлдызы Рихард науқастанып қалыпты, соған байланысты түсірілім тоқтап қалған екен. Деген-мен мәселе бұған да байланысты емес сияқты. Не болды екен?


Ол ойланып қалды. Бүгін таңертең Марктен жан дүниесіне әсер еткен хабарлама алған еді:


 


Егер сен өзіңді жақсы көріп, құрметтесең, өзіңе біреудің дөрекі қарым-қатынас жасауына жол бермейсің.


 


 


Марктың      даналық ойларды дер уақытында жібе-ретініне Карлдың көзі жете бастағандай. Ол қазір нені білдіріп тұр екен?


Түсірілім алаңында Карл режиссердің көмекшісі Догбартты кездестірді, оны бәрі Догги деп атайтын. Оның үнемі көңіл-күйі болмайтын және ол өзі де сүйкім-сіз итке ұқсайтын еді.


– Келдің бе әйтеуір! – деп зіркілдеді Догги Карлға. – Қанша күтуге болады сені? Дублер, бар тез орныңа, жылдамдат!


– Кесте бойынша мен мұнда сегізде болуым керек, ал қазір әлі он минут бар. Сондықтан бәрі дұрыс. Айтпақшы, менің атым Карл. – Осылай жауап қатқанына Карлдың өзі таңқалды.


Догги көзін аларта қарады. Оның көздері шарасынан шығып бара жатыр еді. Оның аузын жабуға ешкімнің дәті бара бермейтін. Бұл жолы да ол дүрсе қоя берді:


– Ақылды болып кеткенсің бе, дублер? Онсыз да Рихардтың науқасына байланысты кестеден қалып қойдық. Бүгін ерте бастадық. Кәсіби маман оны алдын ала біліп отырады. Бірақ сен оны қайдан білесің, бар болғаны дублерсың. Сондықтан бар жылдам орныңа, Дублер!


Карл тағы бірдеңе десе жұмысынан айырылып қала-тынын сезіп тұр. Ол мұрнының астынан:


– Түсінікті, Догги, – деді.


– Мені қалай атадың, мал? – деді ызадан жарылардай болған Догги.


«Қалай естіп қойды мынау?» деп ойлады Карл. Өйткені ол Карлдан он бес мертдей алыстап кеткен еді. Жағдай мәз емес еді. Карл жуып-шаймақ болып:


– Сені мұндағылардың бәрі солай атайды. Бәрі жақсы, – деді.


– Жақсы ештемесі жоқ. Менің атым бар. Ал сен болсаң, бар-жоғы дублерсың, тірі манекен, ешкім емес-сің, – деп ақырды.


Карл орнына барып тұрды. Ол режиссердың көмек-шісіне назар аудармауға тырысты, жарық қондыратын әріптестерімен сөйлесе бастады, олармен қарым-қатына-сы жақсы болатын. Олар оның Мексикаға барып келгенін білетін еді, сол туралы сұрай бастады. Ол жаққа қалай барғанына қызығушылық тудырып жатты. Карл сонан соң Марк, дон Хосе, екі ағаш, Анна туралы айта бастады, неге айтпасқа.


Кенет арт жағына елеусіз жетіп келген Доггидің жағымсыз дауысын естіді:


– Демек, біздің дублер ғашық болып қалған ба? Ол да ғашық шығар? Мұндай адаммен қандай сұмырай байла-ныспақшы екен? Елестетіп тұрмын ... – деді де, бет-аузын тыржитып, қарқылдап күлді.


Соңғы рет Карл бала-бақшада төбелескен еді. Деген-мен, қазір оның қолы қышып тұрған. Ол еріксіз жұды-рығын түйді. Егер бұл сөздер өзіне ғана қатысты болса, қоя салар еді, бірақ Анна туралы ... Бұл тым артықтау...


Бірақ ол бұрылғанда, Доггидің ізі де жоқ болатын. Карл бәрін үнсіз тыңдап тұрған әріптестеріне қарата айтты:


– Сендер естідіңдер ме? – ол ашудан булығып тұр еді. Барлығы көздері мен жер шұқып, үнсіз қалды. Карл


қоятын емес:


– Ол бүгін маған соқтықса, ертең сендерге тиіседі. Оны жақсы білесіңдер ғой. Өзімізді осылай басындырып жүре береміз бе?


Бір кезде ассистенттердің бірі оған: – Карл, сен өзгеріп кетіпсің, – деді. Оны екіншісі қостады:


– Иә, сені танымай тұрмыз. Мексикада өзгеше бір саңырауқұлақ жегеннен саумысың. Догги қиын адам, дегенмен ол бастық. Бұрын сен оған қарсы шықпайтын-сың.


Карлдың зығырданы қайнады. Не деген қорқақ мыналар!


– Егер біз өзімізді сыйласақ, мұрдай инабатсыздыққа жол бермеуіміз керек. Айналамыздағылар да өз-өзімізді сыйлағанымызға      қарай      қарым-қатынас        жасайды,      – деді ол.


Барлық бес әріптесі де басын шайқап, жан-жаққа тарай бастады. Оның ішінде өзі дос боп кеткен жарық түсірушінің ассистенті Герхард та бар.


 


 


Үзілісте Карл кафетерийде кофе ішіп отырғанда, Герхард келді. Ол жан-жағына қарап, басқа ешкім жоқ екенін білгесін, Карлға жақындады да:


– Мен сені түсінетінімді айтқым келген, – деді.


– Оны елдің көзінше неге айтпадың? – деді Карл.


– Мен мұнда әлі жұмыс істегім келеді... – деп жауап берді Герхард. Сөйтті де басын төмен салып, кафетерий-ден тез шығып кетті.


Карл өзін жалғыз сезінді, неге оны ешкім түсінбейді, соншалықты өзгеріп кеткені ме? «Осының бәрі керек пе еді?» деген ой жылт ете қалды. Оның бұрын да пробле-масы жетіп-артылатын, енді, міне, жаңалары пайда болған сияқты. «Өзіндік санаға апарар жол саналы жол емес сияқты, өңкей проблема» деп ойлады ол.


Осы кезде телефонына хабарлама келді. «Марктен шығар» деп ойлады Карл. Алайда бұл хабарлама Михаэльден екен:


 


Менің басымдағы мына бір пәле бүгін басыма күш түсіріп тұр. Ауырсыну жоқ болса да қозғала алар емеспін. Саған тездету керек. Мен саған сенемін.


 


Карлдың көзіне жас келді. Қандай жігерлі бала! Ал бұл болса өзіне дөрекілік көрсетті деп, өз-өзін аяп отыр. «Сайтан алғыр, күштірек болу керек» деп ойлады ол. Сөйтті де былай деп жауап жазды:


 


Карл осы науқас баланың өзіне бұрын-соңды өзі түйсінбеген күш беріп тұрғанын сезінді. Ол тағы да болған жайтты дұрыс бағаламаған сияқты ғой, ол дон Хосе мен Марк сияқты тамаша адамдармен танысқан жоқ па. «Марк деген тамаша адам ғой» деп ойлады Карл. – «Менің әкем осындай болса ғой. Мұншалықты қиын болмас еді».


Тағы Анна бар емес пе! Ол тағы ұялып қалды. Анна! Өмірінде барлығы жаман деп ойлауға қалайша дәті барды! Бұрын түсіне де кірмейтін таңғажайып әйелмен танысқанына бірнеше күн ғана болды. Ол да мұны жақсы көреді, бірақ не үшін екенін Карлдың өзі де түсіне алар емес. Карл еріксіз жымиды.


Түсірілім алаңындағы жұмыс біршамаға созылды. Актер Рихардқа бірнеше рет үзіліс жасауға тура келді. Әлі науқасынан толық айықпаса керек. Түсірілім кезін-де әріптестері Карлға тек қажет болған жағдайда ғана сөйледі. Оған бұл ұнамаса да, аса мән бере қойған жоқ. Түсілірім артық үш сағатқа созылып, әзер аяқталды. Карл телефонын тексеріп еді, Марктен хабарлама келіпті:


 


Біздің жұмысымыз өзіндік санамыздың бейнесі іспеттес. Ол біз әлеммен бөлісіп отырмыз деп ойлайтын                        құндылықтарымызды         білдіреді. Айналамыздағылар          бізге     өзімізге     лайықты қарым-қатынас жасайды.


 


 


«Олай болса менің өзіндік санам әлі жоғары деңгейге көтерілмегені» деді кекесінмен Карл.


 


 


 


Мен саған қайран қалам. Маған сенуіңе болады.


 


 


Кешке ол Аннаны көріп, бүгінгі күннің қалай өткенін әңгімелеп берді. Соңында ол:


– Маған Марктің ары қарай қиын болады дегені енді түсінікті бола бастаған сияқты, – деді.


– Және бұл тек басы ғана сияқты, – деп қосып қойды Карл.


– Сенің жақсы достарың бар және мен қасыңдамын, – деп Анна қолынан ұстады.


– Бүгін мен оның маңызын жақсы түсіндім. Мен сен туралы және марк туралы ойладым. Мен өмірімнің жақсы жаққа қарай өзгергенін түсіндім. Оның үстіне Михаэль келді өміріме, – ол Михаэльдің хабарламаларынан орасан күш алғанын айтып берді.


– Ол нағыз батыр. Оның орнында болсам, сол секіл-ді мықты бола алам ба, білмеймін. Мен одан көп нәрсе үйрендім, – деді Анна.


– Ол бала соншама даналықты қайдан алған? Күшті қайдан алады? – деп ойлана тіл қатты Карл.


– Михаэльмен танысқанда мен де осы сұрақты Маркке қойғанмын. Ол маған Клейст айтып берген оқиғаны есіме түсірді.


 


«Бір кездері биші және семсерші К. Ресейге саяхат-тауға аттанады. Онда ол бір ақсүйекпен танысады. Оның ұлдары да семсерлесумен айналысады екен. Олардың бірі оны жекпе-жекке шақырады да, біраз уақыттан кейін оған әлі келмейтінін түсінеді. Сол кезде ол К-ні поместьеде асырап отырған аюға апарады да онымен күш сынасуды ұсынады. Аюды бұған дейін ешкім жеңіп көрмеген екен.


К. семсерлесудегі өрнекті қимылдарымен әйгілі болатын. Ол аюмен жекпе-жекке шықты да, оны жеңе алмады. К. аюға семсерін қадамақшы болғандай әрекет-тер жасағанда аю назар аудармай тұра берген екен, ал семсерін шын мәнінде қадамақ болғанда жеңіл қимылмен семсерді қағып тастап отырған. Жекпе-жек ұзаққа созы-лады. Соңында К. жеңілгенін мойындауға тура келеді.


Аюды неге жеңу мүмкін болмады? Оған түйсігі көмектескен. Аю табиғи қалпында табиғатпен бірге өмір сүреді. Ал адамдар бастапқы түйсігін жоғалтқан, олар жұмақтан қол үзген.


– Бұл жұмақ бағындағы екі ағаш туралы оқиғаны еске түсіреді екен, – деді Карл.


– Иә, – деп күлімсіреді Анна. – Алайда бұл оқиғаның да соңы жақсы аяқталуы мүмкін. Клейст біздің көпшілі-гіміз жұмақты жоғалтып алғанымызбен, артқа қайтар жол бар екенін жазады. Ол қиын да ауыр жол, әйтсе де, біз жұмаққа орала аламыз. Бұл даналық жолы.


– Дон Хосе айтқандай, екінші ағаштың дауысына құлақ салу керек, – деп еске алды Карл. – Сонда сенің ойыңша Михаэль жұмақтан ешқашан кетпегені ме және улы жыланды ешқашан тыңдамаған болды ғой? Ол шынайы табиғатымен бірге өмір сүреді. Сондықтан да күшті шығар? Осылай болуы мүмкін бе?


– Білмеймін. Марк сенеді. Мен де бұл сенің сұрағыңа жауап бола алады деп ойлаймын, – деді Анна.


– Өзіндік санаң жоғары болғаны керемет шығар, – Карлдың есіне Марк пен Аннаның өз болмысын түсіну-дің маңызы туралы айтқаны түсті. Аннаға оның не ойлап тұрғаны белгілі еді. Сондықтан ол:


– Бұған дейін баяғы «менің қолымнан келе ме?», «мен лайықпын ба?», «мен кіммін?» деген үш сұрақ сен үшін абстрактілі болды. Енді сен олардың тәжірибе жүзінде маңызын түсіндің, – деді.


– Марктің айналаңа өзіңе сенетін адамдарды жина дегенін енді түсінгендеймін.


Карл күлгін күнделігін парақтай бастады, онда ол Марктен келген бүкіл хабарламаларды жазып жүрген еді, солардың ішінен қажеттісін тауып ала қойды:


 


Сені өзінің талабын орындағанда ғана жақсы көретін адамдармен емес, ешқандай шартсыз жақсы көретін адамдармен уақыт өткіз.


 


 


– Иә, әйтпесе қиын болады. Менің айналамда қазір осындай адамдар жүр десе де болады, – деп растады Анна. – Онда мен студияға келмей-ақ қойсам да болады екен. Мұнда мені ешкім жақтырып тұрған жоқ, – деді


ойлана Карл.


– Жоқ. Студиядағы жағдай мәз емес, әрине. Бірақ сен оны өзгерте аласың. Сенің қолыңнан келетініне сенем. Қазір саған шыдауға тура келеді. Сен оған да шыдайсың.


– Бір-біріне кереғар емес пе? – деп күмәнданды Карл. – Біресе өзіңді жақсы көретін адамдармен қорша


дейсің, біресе шыда дейсің. Сонда мен айналамдағы ақымақтарға шыдауым керек пе?


– Не айтып тұрғаныңды түсініп тұрмын. Кейбір адамдармен дауласуға тура келеді, одан қашып құтыла алмайсың. Дегенмен тұрақты қарым-қатынастар тура-лы айтар болсақ, олар саған пайдасын тигізуі керек. Өзіндік санаңды өсіре бастағанда саған жақсы адамдар-дың көбірек тартылатынын өзің де аңғара бастайсың. Өзіңе сенімді болған сайын айналаңдағылармен қарым-қатынасыңды да айқындау оңай болады. Мен дауласатын адамдар туралы айтып тұрмын.


– Қарым-қатынасты анықтау..., айтуға оңай. Оны қалай үйренуге болады?


– Практика барысында. Сенің керемет мүмкіндігің бар, ол – Марк. Бұны Марктен артың түсіндіріп бере алатын адам жоқ, сірә.


– Сен оған табынатын сияқтысың ғой, – деді Карл. – Дәл солай. Ол менің әкем сияқты.


– Бүгін менің басыма да осындай ой келді, – деп күліп қойды, – айтпақшы, ол ертең мені кешкі асқа шақырды.


– Онда жаттығулар мен басты төрт қадам туралы сұра одан, – деп ұсынды Анна.


– Марк маған ол туралы айтқан, бірақ толық түсін-бедім. Сен дұрыс айтасың, оған түсіндір деп айтайын – деді Карл.


– Марк өз білімін ешкімге мәжбүрлеп үйретпей-ді. Кейде ол өзіміздің сұрағанымызды күтеді. Маған сенсең болады, төрт қадамды түсініп алған өте маңызды. Оны өмірде жүзеге асыру одан да маңыздырақ. Немесе Марк айтқандай, «шынайы өмірге жақын» жағдайларда қолданған дұрыс. Өзіндік сананы дамытатын қарапай-ым жаттығу бар, маған ол қатты ұнайды, соның арқа-сында менің өмірімде өзгерістер көп болды. Енді қазір мен өзіме сенімдімін, қолымнан келетінін және лайық екенімді білемін.


– Сонда ол бір жаттығудың арқасында ма? – деді таңқалған Карл.


– Негізі ол екі жаттығу. Біріншісін сен білесің, ол айнамен жасалатын жаттығу. Айтпақшы, сен оны бүгін орындадың ба?


– Сен мені бақылап жүрсің бе?


– Жоқ, мен сені жақсы көремін және саған көмектес-кім келеді.


– Кешір, маған осының бәрі түрпідей тиеді. Мүмкін бұл өзіндік сананы дамытпағаннан шығар. Бүгін ұйықтап қалыппын, сосын жаттығуды жасай алмадым.


– Алғашында менде де солай болған. Марк мұндай жағдайда: «Оңай» мен «жеңіл» арасындағы айыр-машылық та осы. Түсіну оңай, ал оны жүзеге асыру жеңіл болмай жатады» дейді. Өзіңе бір міндетті жоралғы жасап алғаның дұрыс. Мен үшін бұл жай жаттығу емес, кәдімгі рәсім.


– Оның айырмашылығы қандай?


 


 


– Жоралғы дегеніміз ұдайы орындалатын нәрсе. Мысалы айнамен орындалатын жаттығуды алайықшы, мен оны күнде таңертең ұйқыдан тұра салысымен орын-даймын. Орындап бола сала өзімді керемет сезінемін. Сонымен, орныңнан тұрасың да, жуынып болған соң жаттығу жасайсың. Мен жоралғылардың күшіне сенемін. Карл тағыда, дон Хосеге уәде бергеніндей, әр күні-ақ ұйқыдан тұра салып, жуынып болған соң, айна алдында


жаттығу жасаймын деп уәде берді.


Кейінірек ұйқыға жатар алдында ол: «Маған енді түсінікті болды, жоралғы дегеніміз күнде және рақаттана орындайтын нәрсе екен ғой» деді өзіне өзі.


 


 


Келесі күні де түсірілім алаңында оңай болған жоқ. Карл шынында да өзгерген еді, оны өзі де сезіп тұрды, ұнамайтын нәрсені енді ол сақтамайтын. Дегенмен, ол айна алдында жасаған жаттығуының ықпалы екеніне сенімді емес еді.


Фильм жұлдызы Рихард жиі ауырып қала берді, бірақ онымен жұмыс істеген Карлға ұнайтын еді, өйткені ол Рихардтың өзін бағалайтынын жақсы білетін. Олар жақсы қарым-қатынаста еді. Рихард Карлдың барлық сценарий-ді жатқа айтатынын білетін еді, ол өзінің актерлік карье-расында мұндай дублер көрген емес-тін. Сондықтан Карлды жиі мақтайтын және кейде: «Сен мынаны қалай орындар едің?» деп сұрап қоятын. Карл мұны үлкен қолпаштау деп ұғатын.


Рихард ауырып тұрған кезде мәтінді ұмытып қалатын еді де, Карлдың есіне түсіргенін өтінер еді және эпизод-ты қалай орындап шыққанын сұрайтын (әрине камера-ның алдында емес). Карлға бұл ерекше ұнайтын, алайда әріптестеріне ұнамайтын, әсіресе Догги оған ала көзімен қарап қалатын еді.


 


 


Дегенмен, басқа актерлер де Карлмен сөйлесе баста-ды. Бұрынырақ бұл ешкімнің ойына да келмес еді. Бірде үзілісте онымен бас оператор Густаво сөйлесті. «Жақсы адам екен» деп ойлады Карл.


 


 


Жұмыс күні біткеннен кейін ол кешкі аста Маркпен кездесті және бұл кездесу Карлға үлкен қуаныш сыйлады. Марк әдеттегідей оны ілтипатпен қарсы алды. Олар алғашқы рет «өздерінің» мейрамханасында кешкі ас ішті. Карл кешке асты тапсырыспен беруге болатынын біліп таңқалды.


Олар ас мәзірін көріп отырғанда Марк:


– Біздің таңдауымыз көп, бірақ біз оны байқай бермейміз. Біз қандай мейрамханаға баратынымызды, қандай тамаққа тапсырыс беретінімізді таңдай аламыз. Сол сияқты біз қандай әрекет жасайтынымызды да таңдай аламыз. Сонымен қатар біз не туралы ойлайтынымызды және қалай ойлайтынымызды да таңдай аламыз. Карл бұл сөздер маңызыды бір тақырыптың бастауы екенін түсін-ді. Ол:


– Иә, әлгі фильм есімде, мен бағдарлама емес, бағдар-ламашымын, – деді.


Олар тапсырыс берді де сөздерін жалғастырды:


– Әңгіме біздің ментальдық фитнесіміз жайында. Көзіңе 0-ден 100-ге дейін шкалаға бөлінген үш сызықты елестетші. Бірінші сызық – «Менің қолымнан келе ме?», екіншісі – «Мен лайықтымын ба?», үшіншісі – «Мен кім екенімді білемін бе?».


 


 


 


Марк үш сызықты қағаз бетіне түсірді де шкалаларға бөлді. Сосын оны былай түсіндірді:


– Сен белгілеген сан жоғары болған сайын сенің ментальдық фитнесіңнің деңгейі де соншалықты деген сөз. Біз миымызды да бұлшық еттеріміз сияқты шынықты-ра аламыз.


– Иә, оны сенің фильміңнен білемін. Мен фильм сапалы шықса да, оны толық түсіне алмадым. Маған Анна көмектесті. Шынымды айтсам мен фильмді ұмытып та қалдым, бірақ Аннаның келтірген мысалдары есімде қалды. Мысалы, дүрбі. Бір жағынан қарасаң, бәрі үлкен боп көрінеді, екінші жағынан қарасаң, бәрі кішкентай боп көрінеді. Немесе тағы бір мысал – ақ қағазға жазылған қара жазулар. Біз ақ түске көп назар аудара бермейміз, сол беттегі қара жазуларға назар саламыз. Яғни біз жетістік-терімізден гөрі кемшіліктерімізге басты назар аударамыз. – Иә, керемет образдар. Мәселе осында ғой, назары-мызды жетістіктеріміз бен күшті жақтарымызға аударуы-мыз қажет, оларды кішірейтпей үлкейтіп көруіміз қажет. Егер ол қолымыздан келсе, біз үш бағытта эмоционалды фитнеспен шұғылданамыз. Бір жаттығу бар, сен оны тап қазір орындай аласың. Ол үш бағытты біріктіреді. Өзіңді қабілетті және лайықты сезінесің және сонымен қатар


өзіңнің кім екеніңді түсіне бастайсың. – Асыға күтемін, – деді Карл.


– Қазір бәрін түсіндіремін. Бірақ алдымен төрт қадам-ды қайталап шығу керек. Олар сенің есіңде ме?


Карл өкінішпен басын шайқады.


– Олардың қарапайым және көңілге қонымды екенін білемін. Алайда мен абстарктілі заттарды есімде сақтай алмаймын. Бұл менің әлсіз тұсым. Маған мысал керек, сонда есімде жақсы сақтаймын, – деді ол.


– Оны осылай ашық мойындап тұрғаның дұрыс. Менде керісінше. Мен образдарды есімде сақтай алмаймын. Ал абстрактілі түсініктер өз-өзінен есімде сақта-лып қалады. Алайда бейнелі образдармен нашар жұмыс істеуім – әлсіздік емес. Ол әзірге менде жоқ күшті жағым. – Оның айырмашылығы неде, екеуі бір нәрсе


емес пе?


– Дүрбіні есіңе түсір, – деп түсіндірді Марк. – Егер бір нәрсе қолымнан келмесе және оны өзімнің әлсіз жағым деп есептесем, мен ол қабілетіме негативті мән беремін деген сөз. Бұл дұрыс емес. Егер мен өзіме: «Бұл менде жоқ күшті жағым» десем ондай проблема болмас еді. Сондықтан да адвокат болмағаның жақсы болған екен. Өйткені заңгерлерге абстрактілі ойлау қабілеті тән. Ал актер болсаң, оның саған керегі де жоқ, сен айна-лаңдағыларға жеткізу үшін бейнелі образдармен жұмыс жасайсың. Сенің күшті жағың да осы болып тұр.


Мамандық таңдағанда өзіңнің күшті жақтарыңды ескерген жақсы. Олар кейде біздің таңдау жасауымызға көмектеседі және біз жақсы көріп айналысатын ісімізге нұсқап тұрады.


– Мен бұл туралы бұрын ойланбаппын, – деді Карл таңқала.


– Енді төрт қадам туралы айтайық, сонда саған түсі-нікті болады.


– Жақсы, тек маған Анна сияқты образдармен түсін-дірші, сонда жақсы түсінемін.


– Иә, ол жақсы түсіндіреді, – деп мәз болды Марк, – мен міндетті түрде оның әдістерін қолданатын боламын.


Енді Карл жымиды:


– Онда сабақты асыға күтемін, – деді.


– Онда бастайық. Бірінші қадам: осыған дегінгі тәжі-рибиеңнің мәнін түсіну. Екінші қадам: осы тәжіри-биені бағалау. Үшінші қадам: позитивті тәжірибе жинау. Төртінші қадам: жадыңнан осы тәжірибені қажет кезде ала алу.


 


– Анна, сөз сенде! – деп дауыстады Карл. Ол айтылған-дарды түсінген сияқты, алайда айтылғандар оның миына толық жетпегендей сезімде еді.


– Өкінішті, – деді кекесінмен Марк. – Мен болсам ұзақ-сонар теориялық баяндама оқымақшы едім. Жақсы, көп күттірмей-ақ қояйын. Аннаның шынында да бұл жағдайға жақсы образы бар, ол мұны фотоальбоммен салыстырады. Біз кейбір жағымды жағдайлармен байла-нысты сәттерімізді сақтап қалғымыз келеді. Сол үшін фотоальбом арнаймыз. Егер біз естеліктерімізді сол суреттер сияқты категорияларға бөліп тастайтын болсақ, біз өз ойымызды бақылау деңгейімізді көтереміз. Бұл ментальдық фитнес деңгейін көтеруді білдіреді.


Егер бір жағдайды жадыңда ұстап қалғың келсе, сурет-ке түсіресің де, оны мәңгілікке сақтап қаласың. Бірінші қадамның мәні де сонда, сен ол жағдайды жадыңда сақтап қалу туралы шешім қабылдайсың.


– Ал бағалау дегеніміз, маған ол сурет ұнай ма, әлде ұнамай ма, соны анықтау ғой?


– Әрине. Біз альбомға өзімізге ұнамайтын суретті жапсырмаймыз ғой. Осы кезде дүрбі қосылады. Сурет-ке дүрбінің қай жағымен қарайтынымыз маңызды. Біздің көңіл-күйіміз жақсы болса, сурет те автоматты түрде керемет болып көрінеді. Егер көңіл-күйіміз мұңды болса, сурет те сәтсіз шыққан сияқты болып көрінуі мүмкін.


– Мен әлі толық түсінбеген сияқтымын.


– Бұл Аннаның өзі де түсіндіре алмайтын тармақ болып тұр. Ол тәжірибемен келеді. Қазір мен айтқан жаттығуды жасағанда түсіне бастайсың. Ол сенің өміріңді өзгертеді, – деді Марк.


– Бұл ғажайып жаттығуды жасағым келіп, қызығып тұрмын.


– Аз қалды, – деп күлді Марк. – Дон Хосенің айтқа-нын есіңе түсір: «Бақытты болудың жалғыз жолы өзіңнің оқиғаңды ойлап табу». Фотоальбомның және жаттығудың арқасында осындай оқиға автоматты түрде пайда болады.


– Қызығушылығым артып барады, – деп Карл ақырын емеурін білдіріп қойды.


– Қалған екі қадамды талқылау ғана қалды, – деп кеке-туін тоқтатпады Марк. – Алайда бұл шынымен маңызды. Позитивті тәжірибенің жиынтығын фотоальбомға ең керемет суреттерді жапсыру деп қарастырса болады, ал осы жиналған ақпаратты еске алуды фотоальбомдағы суреттерді қараумен салыстыруға болады.


Осылайша біз естеліктерімізді де басқара аламыз. Жаттығу да сол үшін ойластырылған. Оның қарапайым-дылығы сонша, көп адам оның тиімділігіне сене бермей-ді. Бірақ ол ғажап жаттығу екеніне сенсең болады. Сен де өміріңде ғажайыпты күтсең болады.


Карл қызыққаннан жарылып кетердей болып тұр. Марк түсіндіре бастады:


– Таза блокнот ал да, оған күнделікті жетістік-теріңді жазып жүр. Мұндай блокнотты мен «Жетістіктер күнделігі» деп атаймын. Егер сен осыны жаза бастасаң, үш айдан кейін сенің өміріңде көп нәрсе өзгереді. Осы уақыт аралығында сен өзіндік санаңды екі есе өсіресің.


Карл Маркке шарасыз күйде қарады.


– Ғажайып дегенің осы ма? Аса бір әсер ететіндей көрініс емес екен.


– Мен сені түсініп тұрмын. Мысалмен түсіндіріп көрейін: айталық, сен жиырма күнге демалысқа кетпек-шісің. Алғашқы онкүндікте жауын жауады да, келесі он күндікте күн шығып тұрады. Көпшілік мұндай жағдай-да: «Демалысымның көп бөлігі жауын-шашында өтті» деп ренжиді. Алайда, сен күн шығып тұрғанда суретке түсесің де, оны альбомға жапсырасың. Оны көргендер: «Ауа райы қандай керемет болған» дейді.


 


– Дегенмен бұл әділетті емес қой, он күн шелектеп жауын жауған жоқ па? – деп қарсыласты Карл.


– Бір қарағанда сенікі дұрыс. Алайда жауын ары кетсе бір-екі сағат қана болады ғой. Қалған уақытта ала бұлтты болды, тіпті арасында күн де шығып тұрады ғой. Менің айтайын дегенім, біздің басымыздан өткен оқиғалардың мәні шынайы жағдайға байланысты емес, біздің түсін-діруімізге байланысты.


– Иә, иә, Эйнштейннің «объективті шындық болмай-ды» деген теориясы, – деп бұрқылдады Карл. – Мен сондықтан да әділетті емес деп тұрмын.


– Сен ешқашан демалысыңның нақты қалай өткенін сипаттап бере алмайсың. Сен дүрбінің қай жағынан қарағаныңа байланысты ол. Естеліктер жадымызда жайдан жай сақтала бермейді, ол белгілі бір эмоцияға байланысты.


– Мысалмен түсіндіріп бере аласың ба?


– Иә. Үстелді көзіңе елестет. Бұл эмоциясыз естелік. Енді осы үстел басында өзің жақсы көретін адаммен отыр-мын деп елестет: романтикалық кешкі ас, шам, музыка дегендей... Мұндай естелік қалай, саған әсер ете ме?


–    Әрине!       Кіммен     отырғанымды      білетін     де шығарсың!


– Енді осы үстел басында онымен ұрысып отырға-ныңды елестет. Бұл үстелді енді қандай эмоциямен байланыстырасың?


– Енді түсінікті. Барлығы жағдайға байланысты екен ғой.


– Дәл солай. Енді ең бастысы. Өзіңнің естеліктеріңді қандай      эмоциямен       байланыстыратыныңды            таңдау мүмкіндігің бар. Яғни оны қалай бағалайсың. Позитивті спираль бар: болған оқиғаны позитивті бағалаған сайын өзіңді жақсы сезінесің. Ал өзіңді жақсы сезінген сайын болатын оқиғаны да позитивті бағалайтын боласың.


 


Осыдан өзіндік санаң мен сенімділігің арта түседі.


– Олай болса өзіндік сана дегеніміз эмоция болғаны ма?, – деп сұрады Карл.


– Сен бәрін дұрыс түсіндің. Өзіндік сана дегеніміз эмоциялар. Ол сенің жадыңда жағымды сезімдердің әсерінен қалыптасады. Ғажайып жаттығуымыз да осыған бағытталған. Ол өміріңде көп қолданатын эмоцияларды күшейтуге көмектеседі.


– Сонда да әділетсіздік сезімінен арыла алмай тұрмын. – Мен саған жүйелі түрде жауап берер едім, алайда


объективтік шындық жоқ. Мен саған одан да бір оқиға айтып берейін.


 


Ерте, ерте, ертеде, айна жоқ заманда бір жас жігіт көлге келіпті. Ол қозғалыссыз жатқан судың бетінен өзінің бейнесін көріпті. Ол өз түрінен қорқып кетіпті, өйткені өз-өзіне құбыжық сияқты көрініпті. Түрін жаман санағаны соншалықты, ешқашан әйел қарамайды деп ойласа керек. Содан ол өкіріп жылапты.


Осы кезде оған мейірімді пері келіпті де, неге сонша-лықты қайғырып отырғанан сұрапты. Жас жігіт басын-дағы оқиғаны айтып, перінің көңілін босатыпты. Ол жас жігітке сиқырлы бетперде береді, оны киіп алғанда беті-нен міні білінбейді және сұлу болып көрінеді екен.


Алайда, пері бұл бетпердені шешуге болмайтынын және ешкімге айтуға болмайтынын ескертеді.


Жігіт уәдесін береді де, елге керемет сұлу және мейірімді боп көрінеді. Көптеген әйелдер оған ынтызар-лықпен қарайды екен.


Бір күні арманындағы әйелді кездестіреді де, оған ғашық болады, әйел де бұған ғашық болады. Алайда тойдың алдында оны ары мазалап: «Мен қалыңдығым-ды алдап жүрмін ғой, ол менің шын мәнінде қандай екенімді білмейді» деп ойлайды. Періге берген уәдесін сақтай алмаған ол қалыңдығына барады да: «Мен саған шындықты айтуым керек. Менің бетімде бетперде бар, мен оны шешкенде шынайы түрімді көретін боласың» депті.


Қалыңдығы келісіпті де, ол бетпердесін шешіпті. Қыз оның жүзіне ұзақ қарап тұрып: «Алайда сен сол бетперде киген қалпыңдасың ғой» депті.


Ол өзгеріп кетіпті. Ол бетпердесіне айналып кетіпті. – Керемет оқиға екен. Көп адам сондай бетперде


болғанын қалар еді деп ойлаймын. Ал мен күштіреек болғым келеді, – деді Карл.


– Ондай бетперде бәрімізге қолжетімді. Ол үшін мейірімді періні күтудің қажеті шамалы. Біз оны сиқырлы жаттығу арқылы өзіміз жасап аламыз.


Карл Марктің офисінде көрген фильмін есіне түсірді. – Онда бәрі әділетті. Онда мен өзіме жаңадан бағдар-


лама жасаймын деп шешім қабылдаймын.


– Дұрыс, – Марк Карлдың түсінгеніне қуанып кетті, – сен бағдарлама емес, бағдарламашысың. Жетістік-тер күнделігінің көмегімен сен өзіңе қалаған бағдарла-маңды құрып аласың. Енді жаман және жақсы жақтарын қарастырайық. Жаман жағы: біздің миымыз жалқау, ол бәрінің автоматты түрде орындалғанын қалайды. Егер сен өзіңді өзгерткің келсе, мысалы өзіңе жаңа бағдарлама жасағың келсе, күш салуға тура келеді. Бұл қиын. Миға бұл ұнамайды, ол қарсыласады. Сондықтан өзгерістер қиыншылықпен келеді. Әсіресе, басында қиын болады.


Ал жақсы жаңалық: сенде жаңа әдет қалыптасқан-да миың оны қорғай бастайды, тек әдетті қалыптастыру керек. Оған қолжеткізу үшін жұмсаған күшіңді дәстүр-ге айналдырған жөн. Дон Хосенің айтқаны есіңде ме: «Аспан бізге әрдайым ашық. Біз онда өзімізді лайықты санамағандықтан кіре алмаймыз».


Бұл расында да сондай. Өзің мен сенің бақытыңның арасында тұрған нәрсе - сенің өзің туралы айтқан тарихың. Жетістіктер күнделігі саған осы тарихыңды қайта жазып шығуға көмектеседі. Сен оны махаббатпен жазатын боласың. Өзіңе деген махаббатпен.


 


 


Карлда жаңа дәстүр қалыптасты. Күнде таңертең күнделікке кем дегенде бес жетістігін жазатын болды. Алғашында қиын болды, дегенмен кейін оған Марк пен Анна көмекке келді, әрқайсысы өзінше көмектесу-ге тырысты, кішкентай жетістіктің өзі пайдалы екенін түсіндіруге тырысты.


Басында Карл өзіне сынай қарайтын еді, ол қолынан келетін істерін жетістік деп санамайтын. Олар оған қалыпты жағдай боп көрінетін. «Солай болу керек те» дейтін ол.


Марк адамның күніне мыңнан аса іс тындыратынын және солардың ішінен бес жетістікті таппау мүмкін емес екенін түсіндірді. Карл үшін бұл жаңалық болды. Ол күнінің әр минутын мұқият зерделей бастағанда оның қолынан көп нәрсенің жақсы келетінін және оны бұл жетістік деп есептемейтінін аңғарды. Ары қарай Карл өзінің жақсы қасиеттерге ие екеніне, оны тіпті қолданып та жүргеніне көзі жете бастады: ол сценарийдегі диалог-тарды тез жаттап алатын, одан талап етілмемсе де көп нәрсе үйренді, ол эпизодты керемет көрсетіп беретін еді, сценарийді оқи салып, кейбір образдардан фильм құрас-тыра салатын.


Рихард оны жоғары бағалайтын, ал бас оператор Густаво кейбір детальдарды онымен талқылайтын. Түскі ас кезінде Карл басқа актерлермен бір үстелдің басында отыратын.


Ол шешімін жүзеге асырып, оқуды тастады. Ол түсірілім алаңындағы қарым-қатынасты реттеді. Анна екеуінің қарым-қатынасы да жақсара түсті. Марк оны мақтан тұтатын және оның жан досына айналды. Және кішкентай батыр Михаэль де оған сенетін еді.


 


 


Карл Михаэльге үнемі баруды әдетке айналдырды. Баланың жағдайы тұрақсыз болатын, кейбір күндері ол қозғала да алмайтын, кейде тіпті сау сияқты көрінетін. Дегенмен де Карл келгенде өзін жақсы ұстауға тырыса-тын еді.


Олар дос болып кетті. Кездесу кезінде кейде ойнап кететін, кейде көп сырласатын. Карл Михаэльден көп нәрсе үйренді. Өзін-өзі танып үлгермеген Карл бір күні баладан тікелей сұрады:


– Сенің ойыңша мен кіммін?


– Бәрі түсінікті ғой, сен – актерсің. Менің ойымша сен керемет актерсің.


– Алайда мен фильмге түсіп жатқан жоқпын ғой.


– Сол түсініксіз болып тұр ғой! – деп дауыстады Михаэль. – Сен нағыз актерсің. Әйтеуір бірде бастауың керек қой.


Карл: «Оныкі дұрыс. Мен актермін. Не деген керемет бала мына Михаэль» деп ойлады. Карл оны ұзақ құшақтап тұрды.


Сол күні кешке ол Жетістіктер күнделігіне: «Мен кім екенімді білемін. Мен актермін. Жақында ол менің мамандығым болады» деп жазып қойды. Сонан соң жақсы актер болу үшін қандай қабілеттері бар екенін жазғысы келді де, өзін тоқтата алмай қалды.


 


 


Үш күннен кейін түскі аста Маркпен кездескенде, Карл жақсы жаңалықты жеткізгенше асықты:


– Мен енді кім екенімді білемін, мен – актермін.


 


 


 


– Бұл маған түсінікті, – деп қуанып кетті Марк. – Мәселе сенің қандай актер екеніңде.


Оған Карл қалай жауап берерін білмеді.


– Бұл маңызды сұрақ, – деп жалғастырды Марк. – Сен не нашар актерсің, не керемет актерсің.


– Тұра тұршы, – деді қиналып кеткен Карл: – орташа-сы жоқ па?


– Жоқ, кез келген адам осыны айқындап алуы керек. Бұл сұраққа қалай жауап берсең, сенің болашақ өмірің де солай болады.


– Төменгі деңгей – бұл онша емес. Ал жоғары деңгей дегеніміз асыра сілтеушілік сияқты. Сен өзің үшін жоға-ры деңгейді анықтап алдың ба? Анна да ма?


– Иә. Өзін элитаға жатқызу, ол шынында да мақтан-шақтық болып көрінуі мүмкін. Бұл жерде бастысы мүмкіндігінше жақсы нәрсеге талпыну керек деген қағиданы ұғынуымыз керек. Және барынша көп адамға көмектесуіміз қажет.


– Мен де оны қалаймын, – деп шешім қабылдаған Карл оның дұрыс екенін сезінді.


– Қуаныштымын. Біздің клубымызға қош келдің. Енді мен саған тағы бір нәрсе айтқым келіп тұр. Ол үшін ауруханаға Михаэльге барамыз, сен сол жерде маған, Аннаға және Михаэльге бір көрініс қойып бересің.


Марктің түпкі ойын білмесе де Карл келісім берді. Ол бір қиын көрініске жақсылап репетиция жасап, дайын-далды.


 


 


Көріністі тек бір аптадан кейін ғана қоюға тура келді. Карл бірден үш актердің ролін ойнады. Бірден ым-ишараларын, дауысын өзгертіп, бір жерден екінші жерге жүгіріп жүріп орындады. Шын мәнінде үш адам жүрген-дей сезімде қалдырды.


 


 


 


 


 


Әсіресе, бір қиын эпизод кезінде Марк қатты жөтелді де: «Су әкелеіңдерші!» деді.


Анна суға жүгіріп кетті де, Михаэль оның арқасын ұра бастады. Карл көріністі жалғастырғысы келіп еді концентрациясын жоғалтып алды. Ол Марктің жөтелі тоқтағанша күтіп тұрды.


Осы кезде Марк қарқылдап күліп жіберді. Анна мен Михаэль де оған ілесіп күле жөнелді. Олар тынышталған кезде Марк:


– Кешір, бұл трюк еді. Дегенмен мен Михаэльдің сенің күшті актер екеніңе көзі жеткеніне қуанып тұрмын. – Дәл солай, баяғыда осылай жасау керек еді, – деді бала. – Сендер дұрыс айтыпсыңдар. Карл, сен мега-мега суперсің! – ол жаңа досына сүйсініп қарап тұр еді. – Мен оны білдім! Сен – кереметсің! Мен сенімен қалай мақта-


натынымды білсең ғой! Риза кейіппен Карл:


– Не трюк бұл? – деп сұрады.


– Мен саған бір маңызды нәрсені түсіндіргім келген, сондықтан қасақана жөтелдім. Егер сен керемет актер болғың келсе, керемет актер сияқты ойлауың қажет. Және керемет актер сияқты репетиция жасауың керек.


– Мен репетиция жасадым ғой. Мен барымды салдым. – Алайда жоғары санаттағы актерлер репетиция


барысында кездейсоқ жағдайларға да дайындалады, олар кез келген жағдайда ойынды жалғастыруға дайын болуы керек. Сондықтан да мен қасақана жөтелген едім.


– Онда сен де актер болдың ғой? – деп күлді Карл.


– Сен сияқты емес, әрине. Менің басқа қасиеттерім жақсы дамыған. Дегенмен сенің қазір естігенің өте маңызды. Келесі көріністі репетиция жасап, оны бірне-ше адамдарға қойып көріңіз, соңғы репетиция ретін-де көрсетіңіз. Бұл жағдайда барлық жағдайларды ескер. Ойыңдағыдай болмай жатса да ойынды түк болмағандай


 


 


 


жалғастыра бер.


– Жарайды, - деп келісті Карл. – Осы жағдайда не істеуім керек еді?


– Оның не түсінбейтіні бар? Ары қарай ойнау керек еді! Сені ештеңе тоқтата алмайтындай ойнап үйрен. Қиын болса да ары қарай ойнай бер. Елестетіп көрші, спектакль кезінде көрерменнің бірі қатты жөтелді делік, немесе артыңда декорация құлап түсті делік. Сен сонда үзіліс жасайсың ба?


– Жоқ әрине.


– Көрдің бе, репетиция да сол үшін ғой. Не болып қалатынын ешқашан білмейсің.


– Мен сені уайымдадым ғой.


– Сен қалаған уақытыңда эмоцияңды өзгерте алға-ның үшін актерсің. Бұл сенің қолыңнан керемет келеді. Мен жаңа ғана сенің бір мезетте үш түрлі адамға айналға-ныңды көрдім. Дегенмен кездейсоқ болған жағдайда сол ойнап жатқан персонажыңда қала бер.


– Сахнадағы ойын оңай емес, – деді Карл. Ол Марктің айтқан сөздерінің мәнін түсіне бастағандай. Ми бәрін алдын-ала білетін сияқты ғой.


– Бұл тек сахнаға қатысты емес. Менің жаңағы айтқандарым барлық мамандыққа қатысты. Сен жоғары деңгейде болғың келсе, қандай жағдай болмасын әрекет етуді тоқтатпауың керек. Аса қиын жағдайларда сен өзіңнің шеберлігіңді көрсетуің керек. Және бұл жағдайда еркін, өзіңді репетицияда жүргендей сезін.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу