05.04.2023
  166


Автор: Әсерлі әңгімелер

Сіңлісінің арын ақшаға сатқан қыз - 3 бөлім

Индира қызы үйден шығып кеткенше ақылын айтып, ұрсудан жалыққан жоқ.
- Қызым, туыс болған соң анасынан ұялғаннан ғана жіберіп отырмын. Мен сенің онымен жақын құрбы болғаныңды қаламаймын.
- Анашым, маған сенбейсіз бе?
- Саған сенгенім мен оған сенбеймін. « Қазанға жақын жүрсең қарасы жұғар» деген сөз бар. Оның жанында жүріп жаман атқа ие болып болашағыңа кері әсері болады ма деп қорқамын.
- Анашым, ол соншалықты жаман қыз емес қой.
- Жұрт айтса бекер айтпайды. Тұра тұр сені жалғыз жібермеймін.
- Анашым, мен жас бала ееспін ғой. Жасым болса он алтыда. Сәл күнде мектепті бітіріп басқа қалаға оқуға кетсем қайтесіз? Өзім жетіп аламын.
- Жоқ, ол мүлде басқа мәселе. Әрі сені басқа қалаға кім оқуға жібергелі жатыр?; Әкең менің мойынымды жұлып алады. Інің Мақсат сенімен бірге барады. Ол да дайындалып отыр.
- Анашым, мен дайынмын.
- Мақсат, балам әпкеңе көз салып жүр. Көшеге аттап шықпасын.
- Жарайды анашым. Әпке кеттік пе?
Сандуғаш анасының бұл қылығына өкпелеп қабағы бұртиып үйден шығып кетті. Өйткені осы бауыры мен сіңілісіне қарап, жуындырып, сабақтарын оқытып шаршаған, жалыққан қыз Маржанның үйіне осы себептен қашқақтап аздап миын тынықтырғысы келген. Бірақ анасы бір сөмке кітап, дәптерді арқалаған Мақсатты қоса жіберді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу