04.04.2023
  114


Автор: Серікбай Оспанов

Ұшты, ұшты, не ұшты?

– Ұшты, ұшты, не ұшты?
Лəйлек ұшты! –
Білеміз ғой оны біз,
Шошаң етті қолымыз.
– Ұшты, ұшты, не ұшты?
Əйнек ұшты! –
Кімдер қолын көтермек,
Қозғалмадық бекер деп.
– Ұшты, ұшты не ұшты?
Үйрек ұшты! –
Қателеспей тағы біз,
Қол көтердік бəріміз.
– Ұшты, ұшты не ұшты?
Бүйрек ұшты! –
Қол көтерген табылды.
– Гүлнəр, міне, жаңылды! –
Деп бəріміз шуладық,
 
Деді ол сонда қуланып:
– Бар болса егер үйректе,
Бірге ұшпай ма бүйрек те?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу