Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  182


Автор: Серікбай Оспанов

Қоңыр үн

Байсалды əрі байыпты,
Қобыз үні-қоңыр үн.
Домбыраға лайықты
Жанға жайлы ол-момын үн.
Анаң жақсы көргенде
Демейді ме «Қоңырым».
Жағымды үн-ол елге,
Қоңыр үнде- өмірің!
Теспейді ол құлақты,
Бірақ сондай қуатты.
Мейірімді, шуақты,
Атаң, анаң сияқты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу