03.04.2023
  82


Автор: Серікбай Оспанов

Жақсы сөзде шуақ бар

Қазынасы ол-елдің,
Ол-қара сөз, ол- өлең.
Ең биігі өнердің –
Сөз өнері, немерем!
Сансыз қырлы, салалы
Сөз-бəрінен бағалы.
Ол – жылата алады,
Ол – жұбата алады.
 
Балқисың ғой
Анашың
«Айналайын» дегенде.
Үйрен сөйлеп, баласың,
Жақсы сөз айт сен елге!
Жылы сөзден нəр алар
Кім-кім де өзің сияқты.
Жаман сөз – жан жаралар,
Жақсы сөз – Күн шуақты!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу