03.04.2023
  126


Автор: Серікбай Оспанов

Он досым

Оң қолымда, санашы,
Төрт саусақ пен бір бармақ.
Сол қолыма қарашы,
Төрт саусақ пен тұр бармақ.
Қимылдаса біреуі,
Бірі қарап тұрмайды.
Бір бəрінің тілеуі,
Бірін-бірі тыңдайды.
Сурет те салады,
Ағаш кесіп,
Қашайды.
Бірігіп от жағады,
Бəрін бірге жасайды.
 
Сəлем беріп кісіге,
Айтқанымды ұғады.
Үлкенге де, кішіге
Көмек беріп тұрады.
Мақтап,
Мақтан етемін,
Айтады елге жол болсын.
Күш бірлікте екенін
Дəлелдеп жүр он досым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу