Баталар ✍️

  03.04.2023
  280


Автор: Серікбай Оспанов

Он саусаққа ақыл- бата

Бас бармағым, алға!
Қатарыңнан қалма!
Аталарың ісін
Ғасырларға жалға!
Балан үйрек, досым,
Əр кез жолың болсын.
Ағайынмен бір жүр,
Басыңа бақ қонсын!
Ортан түйрек, ойлым,
Ақылды, ұзын бойлым.
Төрт ініңді аяла,
Мейріміңді аяма!
Шілдір шүмек,
Сен де
Жағымды бол елге!
Жалған сөзге ерме,
Намысыңды берме!
Сен кішкене, кенже,
Жаманшылық көрме!
Төрт ағаңа серік боп,
Биіктерге өрле!
Бір-біріңді қолдап,
Жүріңдер тек төрде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу