03.04.2023
  72


Автор: Серікбай Оспанов

Жомарттық

Жерге жарық шашатын
Ол ұқсайды Күнге де.
Көңіл кірін ашатын
Ол ұқсайды гүлге де.
Жомарттықтың белгісі –
Шаттық сыйлау кімге де!
Ол – адамның қайырымы,
Ол – көңілдің байлығы.
***
Не іздесең де табатын,
Ұшыра да алатын,
Қондыра да алатын
Талап – талмас қанатың!
***
Бүгіннің жас ұланы
Білу керек мынаны –
Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
 
***
Болған!
Болады əрқашан,
Адалдық қой –адамдық!
Жақсы іс жасай алмасаң,
Қаш жасаудан жамандық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу